Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қартқожаның туған жері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
№ 11 жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Байгалиева Зауре Сабешевна

Әдебиеттік оқу 2 сынып
1. Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді оқыта отырып, негізгі ойын ашу, Ж. Аймауытовтың өмірімен таныстыру, түсініп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, пікірлерін ортаға сала білуге бейімдеу;
2. Автордың өмірін өнеге ете отырып, туған жері, елі туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту;
3. Білім арқылы елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, ойтүйіндеу т. б. СТО әдістері
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, таблица, постер
Қосымша материалдар: тірек - сызбалар, мақал - мәтелдер жинағы, постерге салу;

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа дайындау;
1. Үй тапсырмасын тексеру: күзгі демалыс кезінде қалай демалғаны, қандай кітап оқығаны жайлы шағын әңгімелеу.

2. Жаңа сабақ: Әуенді - қимылды жаттығу ұйымдастыру
- Оқушыларды топқа бөлу (санамақ бойынша) топ ережесін еске түсіру.
- Оқушыларға сұрақ тарата отырып, «Отан» сөзжұмбағын шешу
- Оны тағы қалай атауға болатыны жайлы сұрап білу ( 4 топқа 4 сұрақ тастау)
Отан
Туған жер, атамекен, туған өлкем, туған елім;
Менің Отаным – ҚАЗАҚСТАН (хормен айтамыз) әр топ өз сөзін қойып хормен оқуы керек.
- Балалар, сендер қазақ халқына пайдасы тиген қандай атақты адамдармен таныстыңдар? (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов т. б)
- Балалар, «Кітап оқу» туралы мәтінді еске түсірейік, ол мәтіннің негізгі кейіпкері кім еді?
- Ал сол мәтінді жазған жазушы туралы еске түсіріп, мына сызбаны толтырайық
Мұғалім сөзі: Жазушы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келген. Аймауытов қазақ әдебиетінде көркем лиризм әкелген, сондай - ақ пейзаждың үздік үлгісін, тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер.
- Ал енді кітап оқуға деген ынтасы зор кейіпкеріміз Қартқожаға өз ауылының бейнесі қалай әсер еткенін білейік ( Мәтінді оқушыларға әсерлі етіп оқып беру)
Инсерт әдісін пайдалана отырып жаңа сөздерге талдау жасау, яғни түртіп алу. Ашамай – балаға арналған алдыңғы, артқы қастары айқастырылып жасалған ер.Шерсіз – қайғы - мұңсыз. Жетесіз – ақылсыз, ақымақ. Ет бауыр жақын - өте жақын туыс. Қотан – қой жататын қоршаусыз үй маңы. Үй басы - әр үй. (суреттерді көрсету)
Мәтінге талдау жүргізу, оқулықпен жұмыс:
Оқу түрлері а) тауып оқыту (қазір топ ережесін сақтай отыра бір - біріңді тыңдап тапсырманы орындайық)
- І топ, Мәтінде кешкі ауыл көрінісі қалай суреттеліпті? Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті? ( бармақпен бағалау)
- ІІ топ, Сендерге осы мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсер етті? Көз алдарыңа не елестетер едіңдер? (бармақпен бағалау)
- ІІІ топ, қандай адам өз туған жерін сүймейді екен? (бармақпен бағалау)
- ІҮ топ, Қартқожа өз туған жерін қалай сүйді? (бармақпен бағалау) (барлығына 7 минут)
2. Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді жазу.
Көркем жазу: «Менің Отаным - Қазақстан»

3. Бекіту: Топтық жұмыстар: (Әр топ өз жұмыстарын постерге салады)
І топ: Мәтіндегі көркем сөздерді табу: Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті. т. б. (2 мин) (бағалау нүктемен) (мәтіннен табу)
ІІ топ: туған жер туралы достарыңа мақал - мәтелдер айтып беріңдер. (2 мин) (бағалау нүктемен)
ІІІ топ:. Мына сурет мәтіннің қай бөліміне келеді, талдап айтып беріңдер. (2 мин) (бағалау нүктемен)
ІҮ топ: Туған жер, Отан, Туған қала туралы шағын эссе жазыңдар. (2 мин) (бағалау нүктемен)

4. Қорытынды: 5 жолды өлең стратегиясы
1. Зат есім. Туған жер
2. Сын есім. Кең байтақ, ыстық, үлкен, ұлан-ғайыр
3. Сүйеді, қадірлейді, құрметтейді
4. Сөйлем. «Неткен сұлу, неткен көркем осы менің туған өлкем»
5. Синоним «Атамекен»
- Балалар, мына қағазға сабақтың қаншалықты ұнағанын? Қандай әсер алғаныңды? Бір сөйлеммен жаза қойыңдар.

5. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқып келу;
6. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама