Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Квадрат теңдеулерді шешу
Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулерді шешу»

Мақсаты: Квадрат теңдеулерді шешу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді.
Міндеттері: 1. Есеп шығаруда тиімді пайдалану бейімділігін қалыптастыру
2. Қиындығы әр түрлі есептерді шығару барысында, түрлендіруді орындауда білім - білік дағдыларын дамыту.
3. Сапалы білім алуға баулу. Сыйластыққа, өзін - өзі ұйымдастыруға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Квадрат теңдеуді шешу формулаларын тиімді пайдалана отырып есептер шығара біледі.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың түрі: сыни тұрғыдан ойлау
Қолданылатын әдістер: есептер шығару, жеке, жұптық, топтық, шығармашылық
Қолданылатын тәсілдер: көрнекілік, анализ - синтез, индукция - дедукция, интерактивті құралдар.
Технология: "Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту"

Сабақтың құрлымы:
Ұйымдастыру
Сергіту, топқа бөлу
Қызығушылықты ояту. 1) Үй жұмысын тексеру
2) Миға шабуыл
● Мағынаны ажырату
● PISA есептері
● Бекіту
● Үй жұмысы
● Бағалау, қорытындылау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Әр түрлі ұнаған суреттерді таңдау арқылы, суреттердің түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді. Топ басшыларын орындықтарына стикер жапсыру арқылы анықтау.
1. Қызығушылықты ояту:
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Квадрат теңдеулерді шешу», олай болса, бүгінгі сабақтан не күтесіңдер? Нені білгілерің келеді? Ойларыңды дәптерге жазып, топпен талқылап, «құнды» деген пікірлеріңді алдарыңдағы түсті қағазға жазып, тақтаға ілсеңдер. (кіру парағы). Олай болса, біздің сабағымыздың мақсаты белгілі болды.
- Үй жұмысын тексеру интерактивті тақтада «Сәйкестендіру» арқылы есептің жауабын тексеру

Миға шабуыл: «Тауға бірлесіп шығу» стратегиясы. (Жеке, жұппен, топпен талдау. Әр топтан тақтаға шығып, жауаптарды жазады, мұғалім қате, дұрыстығын тексеріп, «-» «+» қояды.

2. Мағынаны ажырату:
Топпен жұмыс (Аквариум ойыны)
Әр топта 6 оқушыдан 4 топ. Топтарға 3 деңгейге бөлінген бірдей алты есептен тапсырма беріледі.

3. Сергіту сәті.

4. Квадраттық теңдеуді өмірде қолдану PISA есептерін шығару. «ЖИГСО» стратегиясы. (2 топқа бір есеп, әр топ есеп өз есептерін шығарып, басқа топпен талдайды да, қалған екі топқа бөлініп түсіндіреді).
Есеп 1 “Саяхат”
8 сынып оқушылары демалыста теплоходпен саяхатқа шықты. Олар Ертіс өзенінің ағысымен 56 км және ағысқа қарсы 9 км жол жүрді. 56 км жүрген жолына жіберетін уақыты олардың ағысқа қарысы жүзгендегі 9 км мен тынық суда жүзген 25 км – ге жіберген уақытқа тең. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса,
Сұрақ 1. Саяхат
Теплоходтың меншікті жылдамдығы қандай?
Жауабы:

Сұрақ 2. Саяхат
Егер оқушылар саяхаттауға 8 сағ уақыт жұмсаған болса, онда олар қандай қашықтыққа барып қайтты?
Жауабы:

Сұрақ 3. Саяхат
Егер оқушылар саяхаттау барысында 2 сағ. аялдама жасап, жағалауға түсіп табиғат аясында болса, онда олар 75 км – ге қанша сағат жұмсайды?
Жауабы:

5. Ой толғау. «Ойлан, тап!»
Мақал - мәтелдер арқылы, Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеулер құрастырыңдар.
1. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3. Бір тал кессең, он тал ек.
4. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
5. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы.
6. Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.
7. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.
8. Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, жүзге келседе пәс емес.
7. Қорытындылау. Сабақта қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? Не алдың, не үйрендің? Дәптерге жазу, топпен ақылдасып, «құнды» пікірді шатырға жаз.(шығу парағы)
8. Үйге тапсырма.
9. Бағалау Топ басшыларының қойған бағаларын ескере отырып, талдап, бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама