Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Жүргізуші: Бүгі«н еліміздің сан мыңдаған жылы бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалады «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауын назарларыңызға ұсынамыз.
Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең?
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген.
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі.
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр күні.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн
Елім менің, жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
Сахна төріне бүгінгі үміткерлерімізді шақырамыз.
Алдарыңызда әділ баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
- Ал енді кезекті бақтарын сынап келген үміткелерімізге берейік.

- Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бр мәңгі бақи.
Қуанышқа бөлен де.
Тәуелсіздік -
Бақ туын
Қолға ұстаған сәт бүгін.
Болсын дәйім шат күнім.
Қазылар алқасы шешімге келгенше кезекті әнге береміз. Сөз кезегі қазылар алқасында.
Тәуелсіздік -
Ел болу,
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен
Терезесі тең меншігің,
Тау, дала,
Көкке өрле, самға да!
Мереке бүгін ұлы күн
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жарлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама