Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Квадрат түбірдің анықтамасы. Квадрат түбірдің жуық мәндері
Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірдің анықтамасы. Квадрат түбірдің жуық мәндері.
Сабақтың мақсаты: Квадраттық түбір мен арифметикалық квадраттық түбір анықтамасын білу; квадрат түбір белгісін, түбірдің жуық мәнін табу, саннан түбір табуды үйрету.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Білімділігі: Берілген тақырып көлеміндегі оқушылардың біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа тез ойлап, дәл жауап беруге тәрбиелеу.
Дамыту: Оқушыларды интерактивті тақтамен жұмыс үйретуге бейімдеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты қайталау.
3. Жаңа сабақты зерделеу.
4. Есептер шығару.
5. Қорытындылау.

1. Өткен сабақты қайталау.
а) Иррационал санды енгізуді қажеттігі неден туындаған?
б) Мына сандардың қайсылары натурал, бүтін бөлшек сан болады?
- 100, 38, 0, 7, 0, - 12, 1, 5, ⅓

2. Жаңа тақырыпты зерделеу.
1. Ауданы бойынша квадраттың қабырғаларын табыңдар.
64см², 49см², 1, 69см², 0. 09см²15∕25см². Анықтама. Теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а - ға тең b санын атайды.
Анықтама. Теріс емес а санының квадраты түбірі деп квадраты а - ға тең в санын атайды.
Мысалы, 64 санының квадрат түбірі 8 және - 8, өйткені 8²=64 және (- 8)² =64.
Анықтама. Квадраты а - ға тең кез келген теріс емес b саны теріс емес а санының арифметикалық квадрат түбірі деп аталады.
а санынан алынған арифметикалық квадрат түбір √а деп белгіленеді. Мұндағы √ таңбасы арифметикалық квадрат түбірдің белгісі немесе радикал, а - түбір белгісінің ішіндегі өрнек.
√ белгісі тек арифметикалық квадраттық түбірді белгілеу үшін пайдаланады √ 25=5 Түбірдің алдындағы ± қос таңбаны х²=9>0 теңдеуінің шешімдерін жазуға пайдаланады.
х²=4 х²=√4=±2

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Долайты орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Даутова Махирям Телебалдыевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама