Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Математика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Сабақтың мақсаты: есептер шығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге қалыптастыру;
оқушылардың ой өрісін кеңейту, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен
ұштастыруға тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу және
шығармашылық қабілетін дамыту;
сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы,
топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақ түрі: біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру(қайталау сабағы)
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, слайдтар, үлестірмелі кестелер.

Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады:
І. Оқушылық деңгей(Теориялық жұмыс)
ІІ. Алгоритмдік деңгей(слайдтар бойынша деңгейлік тапсырма)
ІІІ. Эвристикалық деңгей (оқулықпен жұмыс)
ІУ. Шығармашылық деңгей

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
1) оқушыларды түгендеу;
2) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
3) сабаққа назарын аудару;
4) сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;
5) сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру.
№209(2) №210(2) №212(2)
І. Оқушылық деңгей(Теориялық жұмыс)
1 топтың тапсырмасы:
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
2. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар? D>0
3. Квадрат теңдеудегі а, в, с – сандары қалай аталады?
4. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

2 топтың тапсырмасы:
1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз D=0
3. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласы.
4. D>0, D=0, D<0 болғанда,="" неше="" түбірі="">

3 топтың тапсырмасы:
1. Квадраттық теңдеуде в жұп болғанда түбірдің формуласын жаз
2.. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар? D <>
3. Виет теоремасына кері теорема
4. Бөлшек рационал теңдеуді шешуде бөгде түбір деген не?

4 топтың тапсырмасы:
1. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
2. Биквадрат теңдеудің формуласы?
3. Квадрат теңдеудің D=0
4. Виет теоремасын тұжырымды

ІІ. Алгоритмдік деңгей (слайдтар бойынша деңгейлік тапсырма)
І деңгей
1. Теңдеулерді шешіңдер:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама