Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы.

Мақсаты: Білімділік: Жауын - шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын - шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде ауа температурасының өзгеру себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық:: Оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, интерактивті тақтамен, оқулықпен жұмыс жасай білу, білім – білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту, диаграммалар мен жұмыс жүргізе білу, атмосфералық жауын - шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақты ұйымдастыру формасы: Жеке, топтық.
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карталар, климаттық карталар
Пәнаралық байланыс: Физикалық география, физика, математика, экология.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру
1997 жыл - 10 желтоқсанда Ақмола қаласы ресми түрде Қазақстан Республикасының астанасы деп жарияланды.
1948жыл - 10 желтоқсанда ББҰ Жалпыға бірдей адам құқығын қорғау декларациясын қабылдады.
"Сандар сөйлейді".
13394 км
2724, 9 мың км
9
6995 м
- 132
17 млн
6, 2

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуына қандай факторлар әсер етеді?
2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері
3) Климат картасына қарай отырып ең суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылығын анықтау
4) Климаттық карталарда температура қалай белгіленеді?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Ауа райы элементтері, құбылыстары, атмосфералық қысым
Біз жауын - шашын туралы не білеміз? Бұл туралы сендер төменгі сыныптарда үйрендіңдер.
Жауын - шашынды өлшеу қалай жүргізіледі?

Тақырыпты өз бетінше меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:
1. Атмосфералық қысымның таралуы. Қысымның биіктікке қарай өзгеруіне байланысты өз бетінше есептер құрастыру.
2. Атмосфералық жауын-шашынның түрлері. Тірек - сызба толтыру арқылы түсіндіру. Атмосфералық жауын - шашын түрлері
3. Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралу ерекшеліктері. Қазақстанның аумағында жауын-шашынның таралу картасымен жұмыс.
4. Жауын-шашынның жыл маусымдарына байланысты таралуы.
"Жыл мезгілдері" сөйлейді. Мұнда оқушылар әр жыл мезгілінде жауын-шашынның қалай болатынын айтады. Алдымен сол жыл мезгіліне тиісті өзі шығарған немесе жаттаған жыл мезгіліне тиісті өлең оқиды.
5. Қар жамылғысы
Қар маған ұнайды, өйткені... Өз ойларымен жалғастыру.
6. Ылғалдану коэффициенті
Есептер шешу. Диаграммалар мен жауын-шашынның таралу картасын қолдана отырып есеп шығару.
Шымкент қаласы Астана қаласы Өскемен қаласы Атырау қаласы
7. Қазақстандағы атмосфералық құбылыстар?
8. Халық ауа райын қалай болжады?
Тақырыпты меңгеру үшін презентацияларды, оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталар пайдаланылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама