Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Лалагүлділер тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Лалагүлділер тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары.
Биология 6 сынып
№ 27 зертханалық жұмыс.
Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы
Сабақтың мақсаты: Даражарнақты лалагүлділер тұқымдасының құрылысы, түрлері және маңызы туралы түсіну.

Сабақтың міндеті: 1. Лалагүлділер тұқымдасының ерекшелігімен таныстыру.
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастырады.
3. Топтық жұмыс кезінде бір - бірімен пікірлеседі, алған білімдерін бекітеді.
Сабақтың әдісі:
Сабақта қолданылатын педагогикалық материалдар мен технологиялар Жаңа материалды хабарлау
1. топтық, жеке жұмыс.
2. СТО, тірек - сызбалар,
3. Білім берудегі бағалау;
4. Диалогтық әдіс; сұрақ – жауап.

Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі: (6 мин)
Мұғалім оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушыларға сурет таратады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
Диалогты оқыту
Тапсырма: Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге тән белгілерді тап.
1. Ірі әдемі жалғыз гүлі болады:
2. Жемістері – тұқымшалар, айдарлары болады;
3. Ұсақ гүлдер гүлшоғыр - себетгүлге жинақталған;
4. Гүлшоғырдағы гүлдерінің барлығы бірдей;
5. Гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;
6. Гүлдерінің аналықтары көп болады;
7. Аналығы – біреу;
8. Күлтесі бес күлте жапырақшадан құралады;
Сұрақ: Күрделігүлділер тұқымдасының шаруашылықтағы маңызы қандай?

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
(2мин)
Қосжарнақтылар мен дара жарнақты өсімдіктердің қандай айырмашылығы бар? «Венн диаграммасын» құру
Дара жарнақтыларға қандай өсімдіктер жатады?
Пиязшық тамырлы өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

ІV. Жаңа сабақ барысы (15мин)
Әр топқа Лалагүлділер тұқымдастары жайлы мәлімет таратып, зертханалық жұмыс барысымен таныстырады.
№ 26 Зертханалық жұмыс барысымен таныстыру.
Тақырыбы: Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлдерінің құрылысымен танысу.
Мақсаты: Лалагүлділер тұқымдасы, жауқазын өсімдігінің гүлдерінің құрылыс ерекшелігі мен жемісінің түрін анықтау.
Құрал жабдықтар: Ұлғайтқыш әйнек, кішкене қысқыш, лалагүлділер тұқымдастың, яғни тірі жауқазын гүлдері.
Жұмыс барысы және нәтижесі:
1. Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді ата.
2. Жауқазын гүлінің құрылысын зерттеу.
а) Гүлді қара. Гүлсеріктері мен оның түсі қандай?
б) Гүлсеріктің жапырақтары тұтасып өсе ме?
в) Гүлсеріктің жапырақтары қанша, олар қалай орналасқан?
г) Аталығы мен аналығын тап. Олардың саны қанша? Аналықтың аузына көңіл аудар.
3. Жеміс тұқымдарының саны қанша олар қалай аталады?

№53 мектеп – лицейі биология пәні мұғалімі:
Ахмедиева Айгүл Төкенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама