Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өсімдіктер әлемінің дамуы
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Жабық тұқымды өсімдіктерді қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Өсімдіктердің дамуы эволюция туралы түсіну. Жабық тұқымды өсімдіктерді Блум таксономиясы арқылы тарауды қорытындылау.
Сабақтың міндеті: 1. Жабық тұқымды өсімдіктердің белгілерін, маңызын анықтау.
2. Өсімдіктер әлемінің даму эволюциясы туралы негізгі түсініктеме беру.

Сабақтың әдісі:
Сабақта қолданылатын педагогикалық материалдар мен технологиялар жеке жұмыс.
"Ойлан тап" әдісі сыни ойлау тапсырмалар
Білім берудегі бағалау;
Оқушылырдың жас ерекшелігін ескеру.
АКТ
Деңгейлік тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже:
• Өсімдіктердің даму эволюциясын біледі.
• Жабық тұқымды өсімдіктер тарауы бойынша өз білімдерін бағалайды.
Сілтеме: 1. 7 сыныпқа арналған биология оқулығы Қ. Қайым
2. Биологияны оқыту әдістемесі
Дерек көздері: 1. Википедия ашық энциклопедиясы
2. Ғаламтор Google, яндекс

І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасып, тренинг арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын."Ойдың шапшаңдығы"
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.

ІІ. Үй тапсырмасын те ксеру
Блум таксаномиясы бойынша білімдерін бақылау;

Бірінші деңгейлік тапсырмалар
1. Білу. «Миға шабуыл» әдісі.
1. Орамжапырақ қандай тұқымдасқа жатады?
2. Дара жарнақты класқа қандай тұқымдастар жатады?
3. Қос жарнақты тұқымдастардың тіршілік формасы қандай?
4. Қызғалдақ қандай тұқымдасқа жатады?
5. Астық тұқымдастарының жемісі қандай?

2. Түсіну. «Ой қозғау» сатысы.
1. Раушангүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады. ( 3 тен кем емес жазу қажет).
2. Кіндік тамырлы және жапырағының жүйкеленуі тор өсімдіктер қандай класқа жатады.
Екінші деңгейлік тапсырмалар

3. Қолдану.
Дұрыс сөйлемдерді табыңдар.
1. Асбұршақтың жемісі – қауашақ.
2. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4, аталығы 6 - ау, оның төртеуі ұзын, екеуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. (Крестгүлділердің формуласы)
3. Бақбақ, күнбағыс күрделігүлділердің өкілі.
4. Бидайдың гүлшоғыры күрделі масақ.
5. Қызғалдақ көп жылдық өсімдік.

4. Талдау.(Дәлелдеу)
Астық тұқымдастар дара жарнақтыларға жататынын дәлелде.
(дара жарнақтылардың белгілеріне назар аудар)
Үшінші деңгейлік тапсырмалар

5. Жинақтау.
Раушангүлділердің жүйедегі орнын көрсет.
Дүние –
Бөлім -
Класс –
Тұқымдас –
Түр -

6. Бағалау.
Егер табиғатта жабық тұқымды өсімдіктер болмаса:(сөйлемді жалғастыр)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама