Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Лақтыру секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 1 - бөлім. Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту

Мектеп: 133 жоббм
Күні: Мұғалім аты - жөні: Смайыл Жанқожа
Сынып: 2Қатысқандар саны: 25Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбыЛақтыру секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері
Оқу мақсаты2. 3. 5. 1 Мектептен тыс және мектеп кезінде дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастайды және анықтайды
Сабақ мақсатыҚауіпсіздік ережелерді біледі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын біледі.
Жүгірудің әдіс тәсілдерін меңгере алады.
Бағалау критерийіДене жаттығуларын орындау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
Жүгіру машықтарына қатысты өз бойындағы жақсы және осал тұстарды сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейіБілу және түсіну. Қолдану 
Тілдік мақсаттарыПәнге қатысты сөздік пен терминдер: мәре, сөре, жүру, жүгіру, екпін алып жүгіру, жылдамдық, шапшаңдық, ептілік, төзімділік, эстафета таяқшасы, спринт. 
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: 
Талқылауға арналған сұрақтар: Мәрелік жылдамдық дегеніміз не? Спорттық жүріс пен жүгірудің айырмашылығын білесіз бе? Жүгірудің адам ағңзасына тигізетін пайдасын білесіз бе?
Құндылықтарды дарытуОқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.
Пән аралық байланыстарБиология, физика пәндерімен байланыстыру.
АКТ пайдалану дағдысыЖүгірудің әдіс - тәсілдерін көрсету.
Алдыңғы меңгерілген білімКіші допты нысанаға лақтыру. 
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекеттеріРесурстар
Сабақтың басыОқушыларды қатарға тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбынмен мақсаттарын айту. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Саптағы, жүру, жүгіру жаттығуларын орындап, тыныс алуды ретке келтіріп, сыныпты топқа бөліп жалпы дамыту жаттығуларын орындау.Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.
  Мұғалім үшін ысқырық, секундомер.
Сабақтың ортасы Тапсырма:
4х60 метрлік эстафета жүгірісін орындаңыз.
Оқушыларды төрт - төрттен, төрт командаға бөліп, команданы эстафеталық таяқшамен 60 м арақашықтыққа жарыстыра жүгірту. Назар аударылатыны: спортшылардың қауіпсіздік ережені сақтауы, әр қайсысы өз жолымен жүгіруі, таяқшаны түсіріп алмауы, бір - біріне кедергі жасамауы, жылдам жүгіруі.
Дескриптор:
- қауіпсіздік ережесін жұмыс барысында сақтайды;
- мақсатқа жетуде командалық жұмыста көшбасшылық танытады;
- тапсырманы мұқият әрі дұрыс орындайды.
Мен оқушылырдың оқуға белсенділігін арттыру үшін «Кеңес - сабағын» қолданамын. Бұл сабақта негізінен мұғалім оқушылардың өзін - өзі дайындау бойынша, белгілі бір жаттығуларды орындау туралы сұрақтарына жауап береді, оқушымен бірлесіп жалпы және арнайы бағыттағы жаттығулар таңдалып жүргізіледі.
Әр жаттығу үшін таза, бос кеңістік.
  Мұғалім үшін ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңыТыныс алу жаттығуларын орындап, сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісімен бағалау. Үйге тапсырма беру.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?
Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау
  • Сабақта уақытты ұтымды пайдалана отырып деңгейлік тапсырмалар кешенін құрамын.
  • Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделендіріп, әлсіздеу оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалармен жүктеймін.
  • кері байланыс ұсыну арқылы,
  • мақсатты түрде оқуға уәждеу,
  • мақтау - мадақтау, байқау, тыңдау, сұрақ қою,
  • оқушылардың өзін - өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.
  • Денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіру.
1. Күнделікті жаттығуларды үнемі дұрыс жасап отыру қажет.
2. Денсаулықты күту үшін, әрқашанда таза жүру қажет.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама