Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету, түсініктерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: бекіту, аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта. Сызба - кестелер, анаграмма, тест сұрақтары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

балалар, біз қандай тарауды өттік?
- Лексика тарауы.
- Лексика деген ұғымды естігенде қандай сөздер естеріңе түседі. Қане, топтастырып көрейікші.

ЛЕКСИКА

Сөз байлығы
Көп мағына
Синоним
Антоним
Омоним
Ауыспалы мағына
тура мағына
Эвфемизм
Дисфемизм

«Кім білімді?» тест сұрақтары беріледі.
1. Лексика дегеніміз не?
а) дыбыс ә) сөздік қор б) сөйлем

2. Омоним сөзді белгіле.
а) түс ә) ауа б) қызыл

3. Көп мағыналы сөзді көрсет.
а) шүберек ә) еден б) көз

4. «Мәтін» деген сөздің мағынасы:
а) «байланысу, бірігу» ә) құбылыс б) іс - қимыл

5. Ауыспалы мағынадағы сөзді тап
а) менің көзім ауырды ә) біз бұлақтың көзін аштық б) Оның көзінің түсі – қара

6. Синонимдік қатарды тап.
а) ақ, қара, көк ә) кілт, құлып б) күшті, мықты

7. Антонимдік қатарды тап.
а) бас - аяқ ә) отыр - тұр б) жат - ұйықта

8. фразеологиялық тіркесті көрсет.
а) бармағын шайнау ә) жақсы қыз б) дене мүшесі
9. мақалды ажырат.
а) Кең болсаң кем болмайсың ә) біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді
б) Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда

10. Эвфемизм сөзді көрсет.
а) қырт ә) боқмұрын б) қолды болды.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі қиықша.
Мына сөздердің ішінен тура мағыналы сөздерді тап, теріп жаз.
1) адамның тілі, орыс тілі, ана тілі. 2) жұмыстың аяғы, құстың аяғы, жиналыстың аяғы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама