Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ойлы болсаң, озып көр
«Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу

Барысы:
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушыларынан екі топ құрылып өзара білімдерінен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

Топтармен таныстыру
Ортада бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» тобы.
«Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынымыздың өткізілу жоспарымен таныс болыңыздар.
1-айналым «Ғажайып жетілік» деп аталады.
Бұл айналымда оқу бағдарламасы аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 – ұпай беріледі.
2-айналым «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 3 - минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындап, барынша көп есеп шығару керек. Әр топ шығарған есептерінің сандарына байланысты ұпай жинайды.
3 - айналым «Құрастырма сурет» Бұл айналымда құрастырылған бейне көрсетіледі. Геометриялық фигуралардан осы көрген бейнені құрастыру керек. Қай топ бірінші болып құрастырып шықса, сол топ 5ұпайды алады. Жартылай орындаған топ 2 ұпай алады.
4 - айналым «Кім жылдам» Бұл ойында екі топқа екі сөз беріледі. Осы сөздерден бірнеше сөздер құрастыру керек. Әр сөзге 1ұпайдан беріледі.
Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
5 - айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
6 - айналым « Анықтама беру» Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі. Топтар берілген мәтін үзіндісін оқи отырып
Бұл мәтіннің қалай аталатынын және кімнің шығармасы екенін табу керек.

Қорытындылау
Ойын нәтижесін анықтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама