Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Лепті сөйлем
Қазақ тілі факультатив
Тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау.
Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдістерін, формаларын енгізу.
Байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Таза жазуға, әдептілікке, жағымпаз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдісі: Ой шабуылы, топпен жұмыс, сұрақ - жауап,
Көрнекілігі: Сандық, суреттер, ребус, сөзжұмбақ, ереже

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Қызығушылығын ояту. «әріпті сөйлет» ойыны
1 - топ Шана сөзін құрайды.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемдерің неше тиянақты ойды білдіреді?
2 - топ. Аяз сөзін құрайды.
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3 - топ. Қар сөзін құрайды.
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Қандай тыныс белгісі қойылады?

4. Жаңа сабақ. Ребус шешу. Лепті сөйлем
Сөйлем

Хабарлы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем

М. Әлімбаевтің «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңін оқу.
- Кім жомарт?
- Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген!
- Кім жомарт?
- Ұстаз жомарт
Бар балаға тәлім берген!
- Не жомарт?
- Жер жомарт
- Адамзатты асыраған!
- Не жомарт?
- Күн жомарт
Жерге нұры шашыраған!
Жомарт сөзін қалай түсінесіңдер. Ешкімге жақсылығын аямайтын
кеңпейілділікті айтамыз.
Жомарттыққа тағы кімдерді жатқызуға болады
- ана жомарт, балаларын әлдилейтін
- дәрігер жомарт, ауырғанда емдейтұғын
Осы өлеңнен лепті сөйлемді табу.
Лепті сөйлем дегеніміз - адамның көңіл - күйін, білдіретін сөйлемді айтамыз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң «!» леп белгісі қойылады.

Ертеде бір бай өмір сүріпті. Ол өте дәулетті дүние құмар болыпты. Оның сиқырлы сандығы болыпты. Бір күні ол осы байлықтың бәрін не істеймін деп ойланыпты. Мен осы байлығымды білім алып жатқан балаларға берейін деп шешіпті.

1 - топ. Сөйлемді лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Ауылдан атам келді. Алақай, ауылдан атам келді!.
Даланың ауасы таза. Даланың ауасы қандай таза!
Демалысқа шықтық. Ура, демалысқа шықтық!

2 - топ. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
1. Тамаша, күн, бүгін, қандай
2. Орманда, аю, сүреді, өмір
3. Кітапханаға, барасың ба, сен

3 - топ. Суретке қарап әңгіме құрату. Лепті сөйлем қатыстыру.
Сандықтың жауабы: - Рахмет.
Білімдерің көп болса, достарың да көп болады.( бірге оқиды)
1 - топ. Хабарлы сөйлем.
2 - топ. Сұраулы сөйлем.
3 - топ. Лепті сөйлем.
Сандықтың жауабы: Жарайсыңдар

Білімді іздей берсең, толып көбейеді.
Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды.
Лепті сөйлем қандай көңіл-күйде айтылады екен?
Лепті сөйлем
«Тыныс белгілері» әңгімесі.

Сабақты бекіту: Сөзжұмбақ
Қорытынды: Бағалау, мадақтау
Үйге тапсырма: Газет журналдан лепті сөйлем жазып келу.

Қызылорда қаласы,
№172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Әбусағатова Майра

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама