Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Бөлім: Қарапайым су туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін, анализ жасауға және салыстыра отырып қорытынды жасауға үйрету. Отан сүйгіштікке, қамқорлыққа және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

1. Су туралы мақал - мәтелдер айту.
1. Сусыз тіршілік жоқ.
2. Жер - қазына,
Су – алтын.
3. Бұлақ көрсең көзін аш.
4. Сулы жер – нұрлы жер.
5. Тамшыдан теңіз құралады.
6. Тіршілік көзі - су.

2. Су туралы жұмбақ жасыру.
1. Жылт - жылт еткен,
Жылғыдан өткен. (Су)
2. Еш тесікте тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (Су)
3. Өзі көк көлеңкесі жоқ. (Көл)
4. Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын. (Жаңбыр)

Біз күнделікті тамақта қолданылатын картопта 80 пайыз, алмада 85 пайыз, сәбізде 90 пайыз, балықта 75 пайыз, қиярда 95 пайыз су болады екен. Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге, зауыт, фабрика, тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті. Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз. Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар. Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстаран тазартуы керек. Күл - қоқысты тастауға болмайды. Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Атам қазақ айтпақшы, «Судың да сұрауы бар» деп тегін айтылмаған осыдан болар.

Қорытынды:
Сусыз - тіршілік жоқ.
Адам тамақ ішпей айдан астам өмір сүре алады, ал сусыз үш күнге шыдай алмайды. Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді Адамның тамағына және ішуіне 2 - 3 литр су қажет. Мына өлең жолдарын барлығымыз хормен айтайық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама