Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Луллий шеңберінің ерекшеліктері
Қалалық семинар тақырыбы «Инновациялық технологиялар аукционы»
Мастер класс: «Луллий шеңберінің ерекшеліктері»
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Баланың тілін дамыту барысында жағымды эмоцияналды қалпын ұйымдастырып, өзінің тілін белсенді дамытуға деген қызығушылығын тудыру керек. Ең тиімді және қызықты да, қолжетімді баланың іс - әрекеті бұл – ойын.

Ойын мен тіл дамытудың екі жақты байланысы бар:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды;
2. Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі.

13 - ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз шеңбері түрінде логикалық материал ойлап тапты. «Луллий шеңбері» бұл – компьютер тәрізді материал. Оның қарапайымдылығы балабақшада қолдануға мүмкіндік береді. Бұл материал екі шеңбер (пластина) және арнайы жасалған қораптан тұрады. Луллий шеңберлерді баланың жас ерекшеліктеріне сай 4, 6, 8 бөлікке бөліп, оларға суреттер, сөздер, буын, сандар мен сөйлемдер жазған. Әрбір бала өзіне қойылған сұраққа жауабын таба алады және кез - келген комбинация бойынша қиялдап әңгіме айтып береді.

Бұл материалдың функциясы өте көп және ол ТРИЗ әдісіне жатады, ойын түрінде қолданылады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады. Педагог балаға оны «Сиқырлы шеңберлер» деп таныстырып, міндетті түрде жұмыс жасау барысын көрсетіп, ережесімен таныстырады. Мұнда педагог тек бақылаушының рөлін атқарады. Балалар өздері әрекеттесіп, кезектерін белгілеп, ізденіп жұмыс жасайды.

Оның тағы бір түрі пирамида негізінде жасалады. Шеңберлер бір қондырғыға орнатылады, жоғарғы жағында бағыт беру белгісі болады. Шеңберлер қозғалмалы және 4, 6, 8 бөлікке бөлінеді.
5 жастағы балаға 4 - 6 бөлікті 2 - 3 шеңбер қолданылады. 6 - 7 жастағы балаға 8 бөлікті 4 шеңбер қолдануға болады.

Ойын екі бөліктен тұрады:
1. Белгілі бір сұраққа жауап табу;
2. Қиялын дамытуға арналған жаттығудан.

Ойын жүргізу барысы:
1. Барлық шеңберде сурет орналастырылады. Мысалы:
1) Ағаштың түрі;
2) Оның орналасқан жері (бақ, орман, дала т. б);
3) Жемісі, тұқымы (алма, жаңғақ т. б)
2. Мақсаты қойылады. Балаларға сәйкестігін табу қажет.
3. Шеңберді айналдырып түскен комбинация бойынша әңгіме құрастырып, оның пайдасын айтады.
Нәтижесінде – тілі, логикалық ойлауы, зейіні, есте сақтауы дамып, қоршаған ортаны тануға мүмкіндік туады.

Нәтижесінде:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды. Сөздік қоры молайып, әңгімелеу және сөйлеу тілі қалыптасады.
2. Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі.
3. Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту біліктілігін қалыптасады.
4. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйренеді және тілінің морфологиялық қырын қалыптастырады.
5. Әріптер таңбасымен танысады, буындап оқуға үйренеді.
6. Ақыл - ой әрекетінің тәсілдерін үйренеді ( талдау, бекіту, жүйелеу, құрастыру).
7. Қоршаған ортамен танысып, қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді.
8. Танымдық процестері дамиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама