Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады»
Мақсаты: Оқушыларды аға - апаларының ерлік істерінен, өмір жолдарынан мәлімет бере отырып, тәуелсіз еліміздің келешегі жас ұрпақты батырлыққа, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу. Саналы азамат қалыптастыра отырып патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер, соғыс ардагерлерінің суреттері.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Әдеби - музыкалық монтаж.
І жүргізуші: Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
П жүргізуші: Бүгін жеңіс күні. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 – шы мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
І жүргізуші: Жеңіс күні өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Аружан:
Адам – тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Серікқали:
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем деймін әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.

Жүргізуші:
Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды, арай алды
Жетсек деген арманға жетті - дағы,
Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.
Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді,
Қала көрді қиындық ауыл көрді.
Жеңіс, Жеңіс әке мен оның ұлын,
Кездестірмей қойғаның ауыр болды.
Бақ іздеп, алға қарай жүгірсең де,
Бұл мектеп Жеңіс деген ұлы мектеп,
Құрметте осы күнді, ұлан сен де
Шатырлап тына қалған жасыл көктем,
Жайнаған жадыраған жасыл көктем.
Осы күн келгенде алғаш жерімізге,
Ұлы Отан қуаныштан жасыл төккен.
Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

І жүргізуші:
1941 - 1945 жылдар адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жанында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттың азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы,
«№ 6 жалпы орта білім беретін
мектеп жанындағы интернат» КММ
Калишева Нурбану Бурмантаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама