Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Macromedia Flash бағдарламасында қарапайым анимация құру
Сабақтың тақырыбы: Macromedia Flash бағдарламасында қарапайым анимация құру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында қарапайым анимация құру жолдарымен таныстыру, анимация түрлері туралы біліктіліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілік құралдар: компьютер, интерактивті тақта, слайд, Macromedia Flash бағдарламасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (3 мин)
а) оқушылармен амандасу, түгендеу
ә) оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу
«Шаттық шеңбері»
Бір - бірінің қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебіздер айтады:
“Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге!”

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (6 мин)
/тест компьютер көмегімен жүргізіледі, әр дұрыс жауап 1 ұпай/
1. Мультипликация дегеніміз не?
а) құжатты сақтауды автоматтандырады
в) үлкею, көбею, еселене түсу, жандандыру деген мағынаны білдіреді *
с) көшіру, қию, қою бұйрықтары
д) графикалық ақпарат
2. Суретке алғаш жан бітіргендер
а) Әмен Қайдаров
в) Уолт Дисней с) Жозеф Плато және Симон фон Штампфер*
д) Джон Стюарт Блэктон және Уинзор Маккей
3. Қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер мультфильмі қай жылы жарыққа шықты?
а) 1980 ж
в) 1967 ж *
с) 1964 ж
д) 1975 ж
4. Қазақ мультипликация өнерінің тұңғышы - ертегі негізінде түсірілген мультфильмі қалай аталады?
а) «Ақсақ құлан»
в) «Қаңбақ шал»
с) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»*
д) «Тігінші мен ай»
5. Қазақ мультипликация өнерінің тұңғышы - ертегі негізінде түсірілген мультфильмнің режиссері мен суретшісі кім?
а) Ә. Қайдаров *
в) Қ. Сейденов
с) Б. Омаров
д) Т. Мұқанова
6. Macromedia Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілімі:
а) pdf, docx
в) avi, wav
с) mp3, mp4
д) fla, swf*
7. Программада кез келген фильм элементі қандай нысан ретінде қарастырылады?
а) Button (батырма)
в) Text (мәтін) с) Symbol (символ)*
д) Сурет
8. Дайын болған Flash - фильмді алдын ала көру үшін не істеу керек?
а) Control — Test Movie*
в) Control — Test Scene
с) Run
д) Control — Run
9. Анимациялық әсерлер беру үшін қолданылатын құрал
а) қалып - күй жолағы
в) Tools құрал - саймандар құралы
с) Бас мәзір
д) TimeLine уақыт шкаласы*
10. Мультипликациялық киноның негізін салушылардың бірі, әйгілі Микки Маус мультфильмінің авторы
а) Эмиль Рейно
в) Уолт Дисней*
с) Уинзор Маккей
д) Эмиль Коль

ІІІ. Жаңа тақырып
Анимация - мультимедиа жүйесінде қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы нысанды экранда бейнелеу тәсілі.
Жалпы Flash пограммасында нысанды анимациялаудың 3 түрі бар:
• Автоматтық анимациялау (Tweened анимациясы), яғни, автор бірінші және соңғы кадрды ғана құрады, ал қалғанын Flash автоматты түрде құрады. Tweened анимациясының 2 түрі бар, бірінші анимация нысанның қозғалысына негізделсе (Motion animation), екінші анимация нысанның өзгеруіне (Пішінін өзгерту - Shape animation) негізделген.
• Кадр бойынша (Классикалық) анимация, яғни, автор әрбір кадрды өзі жасайды немесе басқа қосымшадан импорттап алып, олардың көріну ретін анықтайды.
• Сценарийге негізделген анимация; сценарий - ActionScript деп аталатын Flash тілінде жазылған әрекетті сипаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама