Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қысым қызықтары
Сабақтың тақырыбы: Қысым қызықтары
Мақсаты:
1. Оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырып, білім белсенділігін арттырып, өз - өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
2. Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.
3. Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбіиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, Паскаль түтігі, Архимед шелегі, динамометр, жүктеме, шүмегі бар шыны ыдыс, мензурка, қатынас ыдыс, сорғы.
Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, әдебиет.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу, топ басшысын анықтау.
I топ « Паскаль» топ басшысы
II топ «Архимед» топ басшысы
IIIтоп «Торричели» топ басшысы
IV топ «Атмосфера» топ басшысы
Әділ қазылар алқасын сайлау. Физика пәнінің мұғалімі – Хамитова Л. М.

Сайыс сабақ жоспары.
1. Білімділік (сұрақ - жауап) шамалар бойынша.
2. Топтардың таныстыруы - әр топ өздерінің таңдаған аттарын қорғау.
3. Формуланы білесіз бе? Әр топ формулалар жазып сайысқа түседі.
4. Зерделілер сайысы. Әр топ тәжірибе жасайды.
5. Шапшаңдық сайысы - есептер шығару, кроссворд шешу.
6. Әділ қазылар бағаларын беріп, қорытындылау.
I.- Топтардың таныстыруы: Қысымның күнделікті өмірдегі мысалдары.
II.-«Білімділік» сайысы - тақтаға физикалық шамалар ілінеді, сол шамалар төңірегінде сұрақтарға жауап береді.
P, F, S, Q, G, H

Топтарға сұрақтар:
1. Қысым дегеніміз не?
2. Қатынас ыдыстарға мысал келтір.(Шәйнек, кофейник, су құбыры)
3. «Атмосфера» деген сөздің мағынасы.(грекше атмос - бу, сфера - шар)
4. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.(мм. сын. бағ.)
5. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. (Барометр)
6. Денелердің жүзу шарттары? ҒА мен Ға арасындағы байланыс.
7. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап. (Ареометр)
8. F - күш дегеніміз не, өлшем бірлігі. Fы=Fa=PgVg (H)

III - Формуланы білесіз бе? Оқушылар өткен формулаларды жазып, әділ қазылар алқасына тапсырады.
IV -«Зерделілер» сайысы.
Паскаль тобы: Паскаль шарымен тәжірибе жасайды.
Архимед тобы: Архимед тәжірибесін жасау.
Торричели тобы: Атмосфералық қысымды өлшеуді, қатынас ыдыстарға тәжірибе жасайды.
Атмосфера тобы: Отто Г. Тәжірибесін жасау

V -«Шапшаңдық» сайысы. Есептер шығарады. Карточка бойынша қалған оқушылар кроссворд шешеді.
№ 1 - есеп. Судың 0, 6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.
Берілгені: ---------------------- Шешуі:
h=0, 6 м -------------------- P=pgh=1000 кг/м * 10 н/кг *0, 6 м=6000 н/м=6 кПа
p=1000 кг/м
g=10 н/кг
P -? ------------------------ Жауабы: 6кПа.
№ 2 - есеп. Суға 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар.
Берілгені: ХБЖ ----------------------- Формуласы, Шешуі:
V=100 см3 100 с3 * 0, 000001м3=Fы=Fа=0, 001м3 * 1000 м3 *10 H=10H
g=10 н/кг=0, 001 м3
p су=1000 кг/м
Fы -?

Жауабы: Fы=10H.
№ 3 - есеп.
Берілгені:
S=1. 5 м2 ------------------------- P=F/S=mq/S=ρVq/S=2700*6*10/1. 5=108кПа
V=6 м3
ρ=2700кг/м3
q=10 Н/кг
P=?
Қорытынды:
Сабақ соңында бекіту сұрақтары, оқушыларды бағалау, топ жеңімпазын анықтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама