Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Сабақ тақырыбы: Мағыналары қарама - қарсы сөздер.
Қазақ тілі 3 сынып
Оқыту мақсаттары: Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады
Оқушылардың басым бөлігі: Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Кейбір оқушылар: 5 жолды өлең құрастыра алады.

Басталуы Психологиялық ахуал.
Сергіту сәті. «Көңілді физминутка»
Топқа «Сөз таптары» арқылы бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрап тексереді.
Дидактикалық ойын «Сыңарын тап». Мағынасы қарама - қарсы сөздерді табады. Бұл қандай сөздер?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Ортасы
1 - топ
20 - жаттығу. Мақалды оқы. Қарамен жазылған сөзерді жұбымен көшіріп жаз. Олардың мағынасы мен дыбысталуын салыстыр.
Ақылды іс тыныдырады, ақымақ тіс сындырады.
Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзден жан қорқады.
Ашу - дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос
2 - 3 топ (2 - ші топ мағынасы жуық сөздерді, 3 - ші топ мағынасы қарам - қарсы сөздерді жазады)
21 - жаттығу. Т кестесін құр. Кестеге мағынасы жуық сөздерді бір бөлек, мағынасы қарам - қарсы сөздерді бір бөлек жұптап жаз.
мағынасы қарама - қарсы сөздер ------------- мағынасы жуық сөздер
ерте - кеш, ірі - ұсақ, --------------------------- әдеп, инабат,
жуан - жіңішке ---------------------------- асығу, аптығу
жуас - тентек, ----------------------- абырой, бедел
---------------------------------- атқыш, мерген
4 - топ Мысалды сахналау.
22 - жаттығу. Мысалды түсініп оқы, ішінен мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
- Мысал не туралы?
- Қай мақал мысалдағы негізгі ойды білдіреді? (Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын)
А оқушы: «Синквейн» әдісі арқылы мысалдағы сауысқанға 5 жолды өлең құрастыр.
В оқушы: Мағынасы қарама - қарсы сөз ойлап, сөйлем құра.
С оқушы: Берілген сөздерге мағынасы қарам - қарсы сөздерді тап.
Жуас -..., ұзын -..., түзу -..., қою -....
Топтар бір - бірін «Басбармақ» арқылы бағалайды.
23 - жаттығу. Жұмбақты шеш. Жұмбақ мәтінінен мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздерді тап.
Өзі түзу, өзі қисық бір аттың
Өшпес ізін бала кезден ұнаттым.
24 - жаттығу. (ауызша талданады) Өлеңнен мағынасы қарам - қарсы сөздерді жұптап айтады.

Аяқталуы
1топ Сөз және оның мағынасына ассоциация құр
Сөз, оның мағынасы

Мағынасы қарама - қарсы сөздер
мағынасы жуық сөздер
айтылуы бір, мағынасы әр басқа сөздер

2 топ Мағынасы қарама - қарсы сөздерді жаз.
3топ «Сөздер банкі»
Әдісі арқылы бүгінгі сабақта өткен ұғымдар мен сөздерді естеріңе түсіріп жинақта
4топ Сөз, оның мағынасына байланысты ережелер шығарып, «Даналық ағашына» іл.
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Кері байланыс «Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?»
Үйге: ереже жаттау, 25 - жаттығу. 109 бет

2 топ Мағынасы қарама - қарсы сөздерді жаз.
3топ «Сөздер банкі»
Әдісі арқылы бүгінгі сабақта өткен ұғымдар мен сөздерді естеріңе түсіріп жинақта
4топ Сөз, оның мағынасына байланысты ережелер шығарып, «Даналық ағашына» іл.
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Кері байланыс «Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?»
Үйге: ереже жаттау, 25 - жаттығу. 109 бет

Мұғалімнің есімі Ш. Ж. Оразаева

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама