Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
З. Шүкіров «Арпалыс»
Сабақ тақырыбы: З. Шүкіров «Арпалыс»
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Оқыту мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Кейбір оқушылар: Мәтінге сүйеніп қысқы шопан еңбегі туралы айта алады.

Басталуы
Психологиялық ахуал. Сергіту сәті.
Топқа бөледі. «Жыл мезгілдері» бойынша
1-топ көктем
2-топ жаз
3-топ күз
4-топ қыс
Үй тапсырмасы «Сұрақты қағып ал» стратегиясы бойыншатексеріледі. «Басбармақ» арқылы бағалау.
Жұмбақ жасырады.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды.( боран). Боранның дауысын естиді.
Сабақ тақырыбын ашады, мақсатын хабарлайды.

Ортасы
Мәтінді тізбектеле оқыту.
Сөздік жұмыс: арпалыс - табиғаттағы қиындықпен күресу, ықтау - боран тимейтін жерге паналау. ақтүтек - қарды оңды - солды ұшырған қатты боран.
Мәтінді талдауға арналған сұрақтар:
- Әңгіме неге «Арпалыс» деп аталады?
- Тағы қалай атауға болады?
- Ағалы - інілі балалар неліктен боранда қалда?
- Әңгімеден қандай ой түйдің?
1-топ Мәтіндегі қатты бораған суық күн мен жел басылған кезді «Т кестесіне толтыр»
2-топ «Свод» кестесін толтыр.
3-топ жақтау. даттау» әдісі бойынша қыс мезгілін жақтау
4-топ «жақтау. даттау» әдісі бойынша қыс мезгілін даттау
А оқушы: Мәтінге сүйеніп қысқы шопан еңбегі туралы айт
В оқушы: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құра.
С оқушы: Мәтіннен Бақтыбайдың сөзін тауып оқы.
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Қазіргі кезде осындай жоғалған адамдарды іздеу үшін ерікті іздеушілер тобы құрылған. Олар өздерінің іздеу жұмыстары арқылы адамдарға көмектеседі.

Аяқталуы
Мәтін кейіпкеріне хат жаз.
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем»

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Шынар Женисовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама