Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Маңғыстау көтерілісі
Тараз қазасы,
№10 мектептің тарих мұғалімі
Ақжігітқызы Айша

Сабақтың тақырыбы: 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда орын алған XIX ғ. 60 - 70 жылдардағы Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістің себептері мен мақсатын анықтау және тарихи маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
- Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгеруіне байланысты халықтың отарлық езгіге қарсы азаттық күресінің ерекшеліктерін түсіндіру, бұл реформалардың кемшіліктерін айту, оның отарлық сипатын ашу;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, оларды тарихи жылдармен жұмыс жасауға, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;
- «Батырлар ерлігі ұрпаққа үлгі» деп өз елінің батырлары сияқты елін қорғауға Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО - оқыту технологиясы,«Сиқырлы шеңбер», «Биопоэма».
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р карта, плакаттар, суреттер.
Техникалық жабдықтар: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланысы: география, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып үш топқа бөлінеді. Қима қағаздарда берілеген тапсырмалар арқылы:

1 - Топ. Көтеріліс басшыларының есімдері: Жанқожа, Есет батыр, Кенесары, Сырым, Санжар, Исатай, Иса, Махамбет, Жоламан
2 - Топ: Көтеріліс болған жылдар 1837ж, 1338ж, 1847ж, 1836, 1783ж, 1897ж, 1841ж, 1860ж.
3 - Топ: Көтерілістің қамтыған аймақтары. Торғай, Орал, Ақмола, Аякөз, Ақбұлақ, Орынбор, Жем өзені, Ілек өзені. жазылады, қатысушылар бір - бір қағаздан алып, топқа бөлінеді.
4 - Сарапшылар тобы. (Бағалау парағы сарапшыларға беріледі) «Адам біліммен өмір сүреді,
Ғасыр біліммен қозғалады» (Абай Құнанбаев)

Уақыт өткен сайын қазақ даласындағы отаршылдық езгі күшейе түсті. Үкімет қызметіне көшкен қазақтың ауқатты топтарының өкілдері де қарапайым, қорғансыз халықты қанауда орыс шенеуніктерінен қалыспады. Шаңырақ салығы бір сомның орнына үш сомға дейін өсіріліп, қарапайым халыққа ауыр тиді. Осы және басқа да ауыртпалықтар мен зорлық - зомбылықтар 1868 - 1869жж Орал, Торғай облыстарындағы болған көтерілістерге әкелді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. XIX ғ. 60 - 70 жылдардағы Торғай және Орал облыстарындағы көтерілісі. Көтерілістің басты себебі неде?
- 1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақ жері 5 сатылы басқар жүйесі құрылды.
«Картемен жұмыс» Әкімшілік басқарудағы өзгерістерді картадан көрсетеміз.
1. Орынбор генерал - губернаторлық
2. Батыс - Сібір генерал - губернаторлық
3. Түркістан генерал - губернаторлық
4. Сарапшылар тобы талдау жасайды.

ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау. Тарихи тұлғалар:
1-топ. М. М. Сперанский, Г. С. Батеньков 1822ж Сібір қазақтары туралы жарғыны дайындағандар
П. К. Эссем Орынбор қазақтары туралы жарғы дайындаған 1824ж
2 - топ. И. И. Бутков Бүкіл қазақ даласын екі облысқа бөлген.
Ф. К. Гирс Дала комиссиясын басқарған.
3 - топ. ІІ Александр патша Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережені бекіткен.

ІІІ Александр патша 1886ж Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойған.
Сарапшылар: Қорытындылайды.

ІҮ Жаңа сабақ. «Серпілген сауал»
- Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
- Еліміздің қай өңірінде жер қойнауы қазба байлыққа толы?
- Әзірбайжан, Иран мемлекеттерімен шектесетін облыс?
- Алдымызда қандай мейрамдар келе жатыр?
-«Ұлыстың ұлы» күнінің табалдырығы ретінде қандай мейрам тойланады?
Маңғыстаулықтар «Амал күні» деп жаңа - жылға аман есен жеттік, жүздесіп, қол алысу күні екен.
Осындай салт - дәстүрге берік, тарихы шешірелі Маңғыстаудың 1870 жылғы көтерілісі қазақ халқының азаттық жолындағы күрестерінің бірі.
Отаршылдыққа қарсы күрескен көтерісшілердің мақсаты мен жасалаушы жасақтармен көтерілісшілерді, олардың қамтыған аймағын анықтау барысында «Сиқырлы шеңберді» қолданамыз.

Ү Сабақты бекіту. «Биопоэма» Көтеріліске қатысқан, ұйымдастырған беделді, батыр сұлтандардың биопоэмасын оқушылар іздемпаздық жұмыстар арқылы плакаттарды толтырады.
Биопаэма
1. Аты - жөні, айқындайтын белгілері....
2. Оны ерекшелейтін 3 қасиеті....
3. Оның жақсы көретін 3 дүниесі...
4. Оның жаны қаламайтын 3дүниесі...
5. Ол қорқатын 3 нәрсе....
6. Ол мақтанатын 3 дүниесі...
7. Нәтижесі...
Жеткен жетістігі
Осал тұсы (жеңілісі)

ҮІ Қорытынды.
“Өз білімін жетілдіре алмаған ел ХХІ ғасырда тоқырауға ұшырайды.” (Н. Ә. Назарбаев)
Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.

Рефлексия. «Бес саусақ»
Бас бармақ - басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым?
Ортан терек - ойлау мен бүгін қандай білім алдым.
Шылдыр шүмек - шынайлық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек - Көңіл күй ахуалы. Мен сабақтан қандай әсер алдым.

ҮІІ Бағалау: Сарапшылар қорытынды жасайды.
ҮІІІ Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік - бабалар арманы» тақырыпта ой - толғау жазып келу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама