Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Математика әлемі»

Тақырыбы: «Математика әлемі»

Іс - әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Сәлем, сәлем, сәлем!!!
Балалар қазіргі біздің оқу қызметіміз математика негіздері.
Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Биыл біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл осыған орай біз бүгін Қазақстан Республикасының астанасы Нұрсұлтан қаласына саяхат жасаймыз.
Балалар біз қай қалада тұрамыз?
Қызылорда қаласынан бас қаламызға Нұрсұлтанға математикалық тапсырмаларды орындай отырып саяхатқа шығамыз.
Ол үшін алдымызда тұрған сиқырлы қалпақтарды таңдаймыз.
Алтын балық бізге қонаққа келіпті. Алтын балықпен бірге Нұрсұлтан қаласына саяхатқа шығамыз.
Балаларды қалпақтардың түсіне қарай топқа бөлу.
Глобустың тапсырмаларын орындау үшін балаларды 3 топқа бөлу.
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
- Ал, балалар бұл сиқырлы қораптың ішінде не бар екен?
Глобус. Балалар глобус деген біздің жер шарымыз. Жер шарының бірнеше есе кішірейтілеп берілетін нақты бейнесі. Нұрсұлтан ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Бұл қала күн санап дамып, көркейіп келе жатқан жас жасампаз елдің көрікті қаласы. Елордамыздың әсемде көрікті ғимараттарына бірге саяхаттауға дайынбыз ба балалар? Саяхатымыздың алғашқы бастамасы – Бәйтерек ғимараты. 1 - слайд Бәйтерек
1 - тапсырма
Зымыранмен тура және кері санау.
2 - топқа
Көлікпен сандар бойынша ретімен қояды.
3 - топқа
Шарикті жылжыту арқылы сандарды санау.
Ханшатыр 2 - слайд
2 - тапсырма
1 - топқа
Көрші сандарды табу айналдыру арқылы көрші сандарды тауып жазады.
2 - топқа
Сандардың көршілерін айналдыру арқылы табады.
3 - топқа
Қалып қойған көрші сандарды жазады.
Айланд океанариумы
4 - 3 тапсырма
Сергіту сәті
4 - тапсырма
Қосу және азайту
Зымыранмен жылжытып отырып қосып және азайтады.
Тақтайшамен қосып және азайтамыз.
5 - тапсырма салыстыру.
1 - Топқа жылжымалы сандар арқылы салыстыру белгілерін қояды.
2 - Топқа тақтайшамен суреттерді салыстыру арқылы салыстыру белгілерін қою.
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Балалалар көрші сандарды тауып, орныңа қояды.
Рефлексиялық - түзетушілікБалалар бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнадыма ма?
Бүгін біз қайда саяхатқа бардық.
Оқу қызметін қорытындылау. Балаларды мақтау, мадақтау.


Қызылорда қаласы.
№2 «НұрШұғыла» балабақша тәрбиешісі
Айметова Меруерт Бақытовна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама