Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Математика сабағында көрнекі құралдарды қолдану
Математика сабағында көрнекі құралдарды қолдану

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір – бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше.

1. 1. Көрнекі құралдарды пайдаланудың әдістемесі.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір – бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің рөлі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту бір жағынан оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан олардың түсініктеріне сүйенеді.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазақ бастауыш мектеп дидактикасын қайта құру, жаңа тұрғыдан жетілдіру, педагогика ғылымының кезектегі міндеті болып табылады.

Осыған орай білімінің маңызын оның білім беру жүйесінде алатын орнын, орта білім берумен сабақтастығын анықтау, сондай – ақ бастауыш мектептегі оқу тәрбие процесінің ерекшеліктерін және әдістері мен формаларын жетілдірудің жолдарын ашып беру – бастауыш мектеп дидактикасының алдындағы тұрған міндеттері екенін айтуға тиіспіз.

Оқытуда мұғалім мен балалардың арасында адамгершілік, ізгілік қатынастарының және ынтымақтастыққа негізделген оқу әрекетінің ерекшелігін анықтау дидактиканың шұғылданатын мәселесі. Сонымен қатар оқу - тәрбие процесінде әр баланың бойындағы жеке басының ерекшеліктері есепке алынуы тиіс. Көрнекілікті көрсетуде әр баланың ұғымы, сезімі, танымы, қабылдау қабілеті әр түрлі. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептерінің бірі – мотивтер. Мотивтер деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады. Оқушының мотивтері орның қажеттері мен қызығушылығына байланысты болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама