Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Математикалық блиц - турнир
Тақырыбы: «Математикалық блиц - турнир»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрету, математика ғылымының қолданысы мен маңызын, қажеттілігін түсіну, тарихи мұраларды білу, ойындар арқылы ақыл - ой белсенділігіне, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік арқылы, тексеру, баяндау, бағалау, түсіндіру, ойын,
сайыс.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, ойын тапсырмалары, сіріңке, нақыл сөздер, портреттер, журналдар, қосымша әдебиеттер.
Пәнаралық байланысы: тарих, география, физика, музыка, қазақ әдебиеті, шетел тілі, астрономия
Сайыс жоспары:
1. Зерек (сұрақ - жауап)
2. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)
3. Зейін (логикалық сурет)
4. Дерек (тарихи сұрақ)
5. Дарын (логикалық тапсырма)
6. Дәлел (есеп шығару)
7. Дода (математикалық жекпе - жек)
Таныстыру: 1) 8 - сынып оқушылары екі топқа бөлінген:«Өрен»,» «Ұлан».
2) Әділқазы алқасын сайлау.
Мұғалім:
Бүгінде математика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Оқушылар, зерделікпен меңгеріңдер.

Сайыс барысы:
1. Зерек (сұрақ - жауап)
«Өрен»тобына:
• 1. Төртбұрыштың екі бұрышы тік болуы мүмкін бе?
• 2. Төртбұрыштың ішкі бұрышы 38º Оның сыртқы бұрышын тап.
• 3. Кесіндінің симметрия центрі қайда болады?
• 4. Тең төрт қандай үшбұрыштан ромб құрастыруға болады?
• 5. Қандай тең төрт үшбұрыштан квадрат құрастыруға болады?
• 6. Ауданы 36 кв. м. болатын квадрат периметрін тап.
• 7. Түбірлері 4 және 7 болатын квадрат теңдеу құрастыр.
• 8. Биквадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу?
• 9. Тізбектің келесі мүшесін тап 1, 2, 3, 5, 8...
• 10. ХІІ=ІХ - ІІ. Бір сіріңкені қозғау арқылы тура теңдік құр.

«Ұлан» тобына:
• 1. Төртбұрыштың екі бұрышы сүйір болуы мүмкін бе?
• 2. Төртбұрыштың сыртқы бұрышы 158°. Оның ішкі бұрышын тап.
• 3. Шеңбердің симметрия центрі қайда болады?
• 4. Тең төрт қандай үшбұрыштан ромб құрастыруға болады?
• 5. Қандай тең екі үшбұрыштан квадрат құрастыруға болады?
• 6. Катеттері 3 және 4 болатын тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын тап.
• 7. Салыстыр: |х| және |- х|
• 8. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу?
• 9. Тізбектің келесі мүшесін тап: 2, 5, 11, 23,...
• 10. Х=VІІ - ІІІ. Бір сіріңкені қозғау арқылы тура теңдік құр.

2. Зерде (шапшаңдық тапсырмасы)

«Өрен»тобына:
1. Наурыз мейрамында өзара құттықтасқан 4 адамның өзара қол алысуларының
саны қанша болады?
«Ұлан» тобына:
1. Үйде отырған екеудің бірі екіншісінен мүшел жас үлкен. Олардың біреуі 27 - де болса, екіншісі нешеде?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама