Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Махамбет – өр рухты ақын
Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын

Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Махамбет шығармалары бойынша алған білімдерін жетілдіру, тереңдету;
Дамытушылық - ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, тұжырымды ой айта білуге үйрету;
Тәрбиелік - ақын шығармаларына деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ұлағатты сөздер, үлестірмелі қағаздар, жыр жинағы.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, түсіндіру, қорытынды.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: үйге Махамбеттің балалық, жастық шағы берілген болатын.
1. Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Махамбет хан ордасында кімнің арқасында тәрбиеленеді?
3. Махамбеттің досы кім?

4. Жәңгір ханның баласының аты кім?
5. Жәңгір хан губернаторға қандай хат жазды және ол хатта кім туралы айтылды?
6. Махамбеттің халық жағына шығуы дұрыс па?
7. Махамбет Өтемісұлының қандай өлеңдері бар?

Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның әкесі Өтемісте он ұл болған. Тұңғышы Бекмағанбет, екіншісі Махамбет болған. Махамбет Өтемісұлы жастайынан хан ордасында болған. Сонда ол арабша, орысша, қазақша сауат ашқан. Махамбеттің хан ордасында болуының екі себебі болған: біріншісі Махамбеттің ағасы Бекмағанбет Жәңгір ханның он екі биінің бірі болған. Екіншісі, ол кезде хандар қолында ескі дәстүр бойынша қарамағында оларды мақтайтын үлкен дәрежеге жеткізіп өлең айтатын ақындарды ұстаған. Міне осыдан біз Махамбеттің жастайынан ақын болғанын көреміз.

Жасынан-ақ Махамбет халқының болашақ жалынды ақыны болып, өмірдің шындығын айтуға бет түзеді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастады. Осы уақытта ақынның өлеңдері халық үшін ұран болды. Махамбеттің шыншыл ақын болғанын, біз мына өлең жолынан көреміз. Мысалы:

Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап
Дұшпаның сені басқа ұрсын...
Махамбеттің бұл көтеріліске жазған өлең-жырлары халқы үшін көтеріліс, күрес үстінде туған.
«Мен - құстан туған құмаймын» өлеңінің бірінші шумағына сатылай кешенді талдау.
Мен - құстан туған құмаймын,
Бір тұлпарға жұбаймын.
Сауырыма қамшы тиген соң,
Шаппай неғып шыдаймын?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама