Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тақырыптық жоспар
Мұғалім: Бекенова Индира
Тақырыптық жоспар
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 5 - 6 сынып
Аптасына: 1 сағат
Барлығы: 34 сағат

Таңдаулы курс: «Жеті қазына»
Қазақ әдебиеті 5 - 6 сынып

Түсінік хат
Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Міне, сондықтан оның тәрбие - тәсілдері өте көп.

Сонымен қатар оқушылар әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген - білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің арқасында салт - дәстүр, әдет - ғұрып, өнеге - тағылым, дін - діл, жөн - жоралғы, ілім - білім, тәлім - тәрбие, тылсым - табиғат, тариқат - тәбәрік және де деректер мен дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді деп сенемін.

Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.
5 - 6 сынып оқушылары өз халқының салт - дәстүр, әдет - ғұрпымен тереңірек таныса отырып елін - жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып тәрбиеленері хақ. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

Курстың мақсаты:
1. Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру;
2. Халық мұрасы болып табылатын рухани құндылықтар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;
3. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік - эстетикалық тәрбие беру;
4. Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;
5. Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;

Курстың міндеттері:
1. Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;
2. Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс - әрекеттік тұрғыда дамыту;
3. Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

4. Ұлттық құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;
5. Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
6. Өзіндік ой - пікір айта білуге баулу;
7. Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

І. Мазмұндық бөлім.
Курстың мазмұны
Республикамызға кеңінен танымал жерлес этнограф - ғалым, сатирик С. Кенжеахметовтің «Жеті қазына» /жиған - терген/ атты кітабы халқымыздың сан ғасырлық дәстүр - салтын насихаттаған туынды. Біз қолға алып отырған таңдаулы курс осы кітап негізінде жасалды.

Халқымыздың ырым - тыйымдары, жөн - жоралғысы, тағылым - өнегесі, әдет - ғұрып ишаралары, нақыл сөздері, ұлттық тағамдары мен киімдері жайлы мағлұмат курс бағдарламасында қарастырылған. Сондай - ақ, қазақта әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер жайлы да түсінік берілмек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама