Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы. Күйкен орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Салтанат Байманова

Қазақ әдебиеті 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қызғыш құс» өлеңнің айтайын деген ойын, өлеңнің туу себебін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, баяндау, диалог, талдау, түсіндіру,
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Исатай мен Махамбеттің суреті,
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. М. Өтемісұлы өмірі туралы түсінік.
2. «Соғыс» өлеңін жаттау.

ІІІ. Білім тексеру:
Өздерің бұдан бұрын Махамбеттің қандай өлеңін жаттадыңдар?
Махамбет кім?
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

• 1803 жылы дүниеге келді
• Ол – ақын, күйші, сазгер, Исатай көтерілісінің жыршысы.
•1824 - 1828 ж. Жәңгір хан ордасында Зұлқарнайынның қасында болып, хат танып, орыс тілін үйренеді.
• 1829 ж. Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен 2 жылға қамалды.
• 1931 ж. Түрмеден қашып шығады.
• 1838 ж. Исатайдың қазасы.
• 1846 ж. дүниеден өтеді.
• 1982 ж. 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көреді.
• Күйлері күйтабаққа жазылды.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңін Исатай өлген соң жазды. Көлінен айырылған құс пен өзін салыстыра отырып, екеуінің басындағы жайға кінәліні іздейді. Ақынның артықшылығы сол – сарыуайымға салынбай алдағы күрге сенеді. Оптимизм басым.

V. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңнің құрылысына талдау.

VI. Шығармашылық жұмыс.
Екі жақты түсініктеме күнделік жазу.

VІ. Кубизм әдісі:
Суретте: Ақынның көңіл – күйі өлеңде қалай суреттелген?
Салыстыр: Махамбет пен қызғыш құсты салыстыр. Венн диаграммасы.
Зертте: Махамбет ақын туралы тағы не білесің?
Қолдан: өлеңде лашын құстың, Махамбеттің бейнесі қалай суреттелген? Бұл туралы ойтолғау жаз.
Талда, қолдан, қарсы шық: Махамбетті көтеріліске алып шыққан қандай күш? Өзінің көтеріліс жеңілгеннен кейінгі көңіл – күйін қалай суреттейді?

VII. Топтастыру.
Махамбет

Ел ағасы
Ержүрек, батыл
Көтеріліс
Шыншыл ақын
Басшысы
Үлкен парасат иесі
Адал дос

VІІІ. Сабақты бекіту:
1. Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Махамбетті кім өлтірді?
3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды?
4. Өлеңде қандай оқиға суреттеледі?
5. Махамбетті кім деп тани аламыз?
Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

IX. Үй тапсырма.
1. М. Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңін жаттау.
X. Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама