Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
«Қ. Нұржанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
Райымбекова Ардақ Жарқынбекқызы

7 сынып. Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов. Саятшы Ораз.
Сабақтың мақсаты:
- Әңгімедегі Саятшы Ораз бейнесін аша алулары тиіс. Саятшының аңшылығы, адамгершілігі, мейірімділігі мәтіннен тауып оқуы тиіс.
Оқушылардың әңгімені оқи отырып, қазақ халқының ата кәсібі аңшылықтың сырларын ұға алулары тиіс, әңгімедегі дәстүрдің көрінісі, сипатталуы өз ой түсінігі бойынша жеткізе білуге өзіндік іс - әрекеттері мен оқу дағдылары қалыптасуы тиіс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, мәтінмен жұмыс, диалогтық оқыту, көркемдеп оқу, ой қорыту.
Көрнекілігі: аңшы суреті, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Есіл бойында әңгімесі мазмұны, «Әнші» әңгімесімен салыстыру.

3. Білімді жан - жақты тексеру
Есіл табиғаты қандай?
Әнші кім?
Әнші салған әндер қандай?
Халық әндерін ата? Халық композиторлары кімдер?
«Есіл тасып барады» әнінің тарихы.

Қызығушылықты ояту.
Үш топқа сұрақ қоямын.
1) Саятшы кім? Саятшылық дегеніміз не? Аңшылықтың түрлері қандай? Атбегі, құсбегі сөздерінің айырмашылығы неде?
2) Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлең - н аңшы қойылатын шарттар қандай еді?
3) Саятшылық туралы білетін әңгімелерің барма?

V. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар.
1. Әңгіме мазмұнымен танысу.
2. Саятшы Оразға сипаттама.
3. Әңгімедегі негізгі ойларды жазу.

2 тапсырма: Әңгіме мазмұны негізгі бөліктерге бөлу:
1. Мұқан аулы.
2. Саятшы Ораз.
3. Ораз мерген.
4. Ораздың балалармен достығы.
5. Адамгершілік.

3 Тапсырма:
1. Мәтіннен Ораздың бейнесін тауып жаз.
2. Әңгіме кейіпкерлері кімдер?
3. Ораздың мергендігі туралы тауып оқы.
4. Ораз мінезіндегі ерекшелік.
5. Ораздың адамгершілігі.
6. Әңгімедегі суреттеулер.
Топтастыру.
Ораз – саятшы, мерген, адамгершілігі мол, құсбегі, жарқын мінезді, кішіпейіл
«Сағындық жал» жотасы мен «Сәдір шоғы» жал туралы мәтіннен оқы.

Қорытынды
Жазушы әңгімеде қазақтың ертеден келе жатқан саятшылық өнері туралы әңгімелейді. Әңгімедегі Саятшы Ораз бейнесін үлгі етеді.
Үйге тапсырма:«Құсбегілік» туралы мақал – мәтелдер жазу, этно атауларды жазып келу.
Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама