Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мазмұндама жинағы
Мазмұндама жинағы
Кіріспе
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымды терең меңгеру, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік - грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудын, негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған мазмұндама, жаттығу, т. б. жинақтардың алатын орны ерекше екені белгілі.
Сондай мақсатпен ұсынылып отырған бұл мазмұндамалар жинағының мұғалімнің пайдалануына ыңғайлы болуына баса назар аударылған: онда көрсетілген оқушының сыныбына байланысты жазу шапшаңдығы, мәтін нормалары, қалыптасқан бағалау жүйелері анық та, дәл соңғы талаптарға сай.
Мазмұндамалар 1 - 4 сыныптардың әрқайсысына 10 - 18 мәтіннен беріліп, жинақта барлығы 49 мәтін қамтылған. Алынған мәтіндер мазмұны жағынан өмір талабына сай, оқушының ой - өрісін, зейін - қабілеттерін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған. Сұрыпталып алған бүл мәтіндерде негізінен арғы - бергі тарихымызда өмір сүрген, халқы үшін еңбегі сіңген ел перзенттері туралы, өнер - білім жөнінде, ұлттық салт - санамыз бен адамдық асыл қасиеттер жайында тартымды әңгімелер алынған. Жинақтағы мазмұндамаларды қазақ тілі және ана тілінен оқылған материалды бекіту, жинақтау, білім сапасын анықтау сабақтарында қолдану ыңғайлы.
Сауатты жазу - дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бүл құрал оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Мазмұндама жұмысының түрлері, оған қойылатын талаптар
Мазмұндама жаздырудың түпкі мақсаты - оқушылардың ойын және тілін дамыту. Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте - біре күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім қатты ескеру қажет. Мәтін оның ішіндегі көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз - кем қиындау бола береді.
Оқушылардың өз ойларын жазбаша байланыстырып бере алу білімдерін тексеру мақсатында мұғалім мазмұндама, шығарма жұмыстарын алады. Олардың мөлшері бағдарламада көрсетіледі.
Мазмұндама мәтіні хабарлау мақсатында болғаны жөн. 3 сыныпта суреттеу, талдау мәніндегі элементтер кіргізіле бастайды. Мәтіндер тәрбиелік мәні басым, оқушылар түсінігіне лайық етіп алынуы тиіс.
Мазмұндамаға арналған сөз саны:
Сынып - Сөз саны
1 сынып - 20 - 30 сөз
2 сынып - 30 - 50 сөз
3 сынып - 50 - 70 сөз
4 сынып - 70 - 90 сөз

Мазмұндама жұмыстарын бағалағанда оның таза, ұқыпты жазылуы, каллиграфиялық норманың сақталуы есепке алынады.
Ескерту: жазба жұмыстарынан оқушы қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, сол оқушымен мұғалім жеке жұмыстар жүргізеді, үйретеді. Өте төмен баға журналға қойылмайды. Журналға жеке жұмыстан соң алған баға дер кезінде қойылуы тиіс.
1 - 4 сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндамаларды топтай келгенде мынандай түрлерін көрсетуге болады:
• Дайын әңгіме бойынша мазмұндама;
• Сурет бойынша мазмұндама,
• Кино, диафильм бойынша мазмұндама.
Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын сол мәтінге байланысты өмірмен байланыстырып ауызша әңгіме айткызады. Дайындық жұмысынан кейін балалар дайын мәтінді оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі қиындық туғызатын сөздерді тақтаға жазып, синонимдік қатарларын айтып, мағынасы түсіндіріледі. Жазылуы қиын сөздерді, сөз тіркестерін сыныпта түбір немесе тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасымен берген жөн. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады.
Мәтін оқылып болғаннан кейін, жоспар құруға болады. Жоспар бойынша сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ, ауызша қойылып, оқушылар мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтастай оқып шығады. Мазмұндаманы жазуға кіріседі.
Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың бірнеше түрі бар:
• Мәтінінің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз – кем өзгертіліп жазылады. Негізінен сұрақтарға балалар өз сөздерімен жауап береді.
• Мәтін мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу.
Мұнда оқушылар I жақпен баяндалған оқиғаны III жақпен мазмұндап береді.
• Ықшамдап мазмұндау. Ықшамдап мазмұндау оқушыларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін - еркін игеріп, керек жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтін мазмұлын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді. Ойды аз сөзге сыйғызып
айтуға, сөзді талдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.
• Толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру. Берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде, толықтырып мазмұндаудың атқаратын рөлі орасан зор.
• Өлең сөзбен мазмұндау. Өлең сөзбен берілген мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушылар түсінгенін өз сөздерімен мәтін құрап жазады. Кейбір дарынды оқушылар түсініктерін өлең сөздермен де жазуға болады, Мұндай мазмұндаманың түрі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, қызығушылықтарын туғызады.
Сурет бойынша мазмұндау. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөлуге болады.

І сынып
Тоғайда
Балалар тоғайға барды. Олар тоғайда гүл, жидек терді. Тоғай жанында өзен бар. Балалар өзеннен балық аулады. Тоғайда құстар сайрап, аралар ұшып жүр. Балалар жақсы тынықты. (25 сөз)
Жоспар.
1. Тоғайға бару,
2. Өзеннен балық аулады.
3. Балалардың тынығуы.
Қайың
Қайың - биік өсетін, әдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның жапырақтары жылтыр, жап - жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. Оны өмірде көп пайдаланады. (23 сөз)
Жоспар.
1. Қайың қандай ағаш?
2. Қайыңның өмірдегі пайдасы.

Асан мен Мәди
Асан мен Мәди сырғанақ теуіп жүрді. Мәди Асаннан үлкен болатын. Асан қолғабын жоғалтып алды. Қолы тоңған Асан жылады. Мәди оған өз қолғабын берді.
(23 сөз)
Жоспар.
1. Балалардың сырғанақ тебуі.
2. Мәдидің қайырымдылығы.
Немересі мен атасы
Саматтың атасы әбден қартайды. Ол жүре алмайды. Көзі көрмейді, құлағы естімейді. Самат атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады. Оның беті - қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Самат атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғысын айтты. (34 сөз)
Жоспар.
1. Немересі мен атасы.
2. Саматтың атасына көмектесуі.
3. Атасы алғыс айтты.
Мазмұндама жинағы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама