Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мектептегі қарым-қатынас. Дай-дамай психологиясы
Мектептегі қарым - қатынас. Дау - дамай психологиясы
Өзінің ішкі сарайына, көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап - дайын тұрған дәрісі. К. Д. Ушинский
Қарым - қатынас – біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір - бірін қабылдауы.

Қарым - қатынастың үш жағы бар:
• интерактивті
• коммуникативті
• перцептивті

Қарым - қатынастың деңгейлері:
• мезо
• микро
• макро
• стандартты
• шаблонды
• жабайы
• рухани
• іскер
• ойын

Қарым - қатынастың түрлері:
• әлеуметтік
• бағдарлаушы
• бастық бағдарлаушы
• топтық
• топаралық
Мектеп қабырғасындағы қарым - қатынасты мына схема бойынша
бөлуге болады:
мұғалім - оқушы
оқушы - оқушы
мұғалім - ата - ана
мұғалім - оқушы - ата - ана
мұғалім - ата - ана - әкімшілік
мұғалім - оқушы - әкімшілік
мұғалім - оқушы - ата - ана - әлеумет

Дау - дамай (конфликт) - әрқилы мүддеге бағытталған тараптардың қарама - қайшылықты тайталасы.

Дау - дамай типтері:
- ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗ БОЙЫНДАҒЫ
- ТҰЛҒАЛАР АРАСЫНДАҒЫ
- ТОПТАР БАЙЛАСЫНДАҒЫ
- ТОП ІШІНДЕГІ
- ТОПТАР АРАСЫНДАҒЫ

Дау - дамай (конфликт) себептері:
1. психологиялық
2. физиологиялық
3. материалдық
4. әлеуметтік

Дау - дамай (конфликт) түрлері:
БІТІСТІРУШІ ДАУ - КОНСТРУКТИВТІ
жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемдесуге қолайлы жағдайлар жасауда жәрдемін көрсетеді.
БҰЗАҚЫ ДАУ ДЕКОНСТРУКТИВТІ
Белгілі құрылым тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп жойылуына себепші болады
Жанжалға араласушы адамдар:
• БҰЗАҚЫ - ДЕСТРУКТИВТІ
• ЖАҒЫМПАЗ - КОНФОРМДЫ
• БІТІСТІРУШІ - КОНСТРУКТИВТІ

Дау - дамайлы жағдайларға бақылау қоюдың бір қатар жолдары бар:
1. болуы мүмкін жанжалдың алдың алып, оған қатысушылар
жөнінде мәліметтер топтау;
2. жанжалды басқарымсыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеу;
3. дау - дамай шешіміне бейтарап бедел иелерін тарту;
4. даулы екі тарапқа да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру;
5. іскерлік, әріптестік қатынасқа қолдау беріп, оны бітістіріп, кейін болатын алаусыздық көңіл - күй шарпуларының көзін басу.

Дау - дамайдан шығу әдістері
1. өзара жанжалды әрекеттерден (өз беделі мен табыстарын әсерлей көрсету,
басқаны кеміте, әдейі дауға шақыру) қашу;
2. «проблеманы бірлікті шешу» ережесін (басқа есебінен пайда ниеттемеу,
екі тарапқа да тиімді шешім жолын ойластыру) ұстану;
3. келісім (компромис) – екі тараптың да көзқарас, пікірлерінің үйлесім табуы;
4. үшінші тараптан көмек сұрау – тікелей дау - дамайдан тыс, бейтарап бедел иелерін екі тарап мүшелерін бітістіруге шақыру.

Дау - дамайды болдырмауға арналған ұсыныстар:
1. Мұғалімдер және оқушылар арасындағы келіспеушіліктер қалыпты жағдай. Бірақ, оның аз болғаны дұрыс.
2. Конфликтті жағдаятын қорытындысын шығарудан, алдын алу жөн. Конфликтті алдын алу стратегиясы: кикілжіңдерді және келіспеушіліктерді үнемі мезгілімен шешуге тырысу.
3. Екі адам сөзге келіспей жатса, кінәлі ақылдыcы. Мұғаліммен оқушының арасында - кінәлі мұғалім; мұғаліммен директордың арасында – кінәлі директор.
4. Барлық конфликтті жағдайларда директор біріншіден мектеп мүддесін қорғау керек.
5. Мұғалімдерді алдында тұрған мақсаттармен алдын ала таныстыру.
6. Жұмысшыны орындамаған емес, орындаған жұмыстарына қарай бағалау.
7. Оқушылардың көзінше мұғалімдерге ескерту жасамау.
8. Ұжымдағы әлеуметтік және психологиялық жағдайдың бір қалыптылығы.

9. Дау - дамайдын қорқыныштысы – артынан қозғалуы.
10. Конфликт – ол айсберг. Көрінетін жоғары жағы – маңызды емес. Әр даудың тамырын табуға тырысыңыз.

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы,
Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінің
психолог - өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Ниязова Светлана Тоқтарқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама