Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Пысықтауыш
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға пысықтауыш және оның мағыналық түрлері жайлы нақты мәлімет беру.
Дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек сызба, Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасы, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (2 мин) Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі. Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин) «Адамның жақсы, жаман болмағы – өзінен» деген тақырыпта берілген ойтолғауды тексеру.
Өткен сабақтарды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.
 Анықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені – анықтауыш дейміз.
 Анықтауыш құрылысына қарай неше бөлінеді?
Анықтауыш құрылысына қарай 3 - ке бөлінеді. Олар: дара, күрделі, үйірлі.
 Дара және күрделі анықтауышқа мысал келтір?
Дара анықтауыш: Құстар шыршалы орманды жақсы көреді.
Күрделі анықтауыш: Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені - алып қарағай.
 Анықтауышты қатыстырып сөйлем құрастыру?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин) (Оқушылар дәптерлеріңді ашып, күн ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жазыңдар).
Пысықтауыш - етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, сын - қимыл, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлауыз мүшесі.(мыс. тақтаға жазылады) Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сынын білдіріп тұр.
Пысықтауыштың негізгі белгілері: (интерактивті тақтаға жазылады)
1. Іс - қимылды мезгіл, мекен, мақсат, сын - қимыл, себеп, мөлшер жағынан пысықтап тұрады.
2. Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді.
3. Байланысу түрлері - меңгеру, жанасу, қабысу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама