Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлт аралық достық қарым - қатынасты қалыптастыру
«Қос тіл — қос қанатың» деп ұлы Абай айтқандай, біздің елімізде қос тілді білу — өмір талабы. Қазақстанда қазақ тілі 1989 жылдан бастап мемлекеттік тіл болғаннан бері, қазақ тілі біртіндеп өз орнын тапты. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл – адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер - білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды тіл арқылы үйренеді.

Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс - әрекетінің, қарым - қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім.

Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының түпқазығы.
Мемлекеттік тілді оқып үйрену Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тіліне құрметпен қарап, өзара түсіністіктің орнауының кепілі болуы қажет.

Қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай - ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің, мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.

Тіл туралы сөз қозғалғанда, бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуды жеке бөліп алмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істелініп, жан - жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту. Сонымен қатар, бұл тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама