Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мезгіл үстеу
Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: Көктем. Көктем айлары.
Грамматикалық тақырып: Мезгіл үстеу

Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Көктем тақырыбымен таныстыру. Үстеу тақырыбынан мағлұмат беру. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы білім сапасын көтеру.
2. Дамытушылық: Көктем мезгілінің пайдасын айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікке, сауаттылыққа, көркем жазуға, табиғатты аялауға үйрету. Оқушыларды ауа райының кез келген өзгерісін түсіністікпен қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, кестелер, слайдтар т. б.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, математика, орыс тілі т. б.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, көрнекілік әдісі, ой қозғау әдісі т. б.

Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару, құрал - жабдықтарын түгендеу. (2мин)
Үй тапсырмасын тексеру: - Уақыт тақырыбын қайталап келуге берілген. Сан есімдерді қайталауға берілген.
Сурет бойынша балалардан сұрақ - жауап алу. (5 - 7мин)
Ал ендеше бүгін біздің сабақ кішкене ерекше болайын деп тұр. Сендердің білімдеріңді тексеруге қонақтар келіп отыр. Ендеше бар білетінімізді ортаға салайық. Жаңа сабақты бастамас бұрын, сабағымыз қалай өтетінімен танысып алайық.
- Ал балалар партаның үстінде ненің суреттерін көріп тұрмыз.

Жаңа сабақ: Көктем. Көктем айлары. Мезгіл үстеу (грам. тақырып)
Біздің грамматикалық. тақырыбымыз үстеу соның ішінде мезгіл үстеуі.
Заттың іс - қимылының мезгілін, мекенін, жай - күйін білдіретін сөздерді үстеу дейміз. Үстеу қашан?, қайда?, қайдан?, қалай? Сұрақтарына жауап береді. Мысалы: биыл, алда, жоғарыдан, тез.
Сабақты бастамас бұрын жаңа сөздермен танысып алайық.

Сөздік жұмысы:
Мезгіл – время
Биыл - в этом году
Сай - овраг
Кешке - вечером
Еру - таять
Күндіз - днем
Ағу - течь
Былтыр - в прошлом году
Сарқырау – грохотать
Шөп - трава
Жазғытұрым - весной
Самал жел - ветерок
Таңертең – утром
Жел – ветер
Күн – солнце
Бұлт – облако, туча
Жаңбыр – дождь

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама