Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мен анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Сабақтың тақырыбы: Мен анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Қазақ тілі 7 сынып
Мақсаты: Оқушылар ана ардақты есім, мейірімі шексіз жан, аналарды құрметтеу, анамызға сыйлық сыйлау деген ұғымдарды меңгере отырып, оларды топтық жұмыс барысында қолдану арқылы өз ойларын білдіруге, ынтымақтаса оқуға машықтанады.
Сабақ қадамдары: 1. Жаңа сабақты игеру;
2. Тұжырымды ой айту;
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.
3. Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір - бірін оқыту дағдылары артады.
Тапсырмалар: Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар
Түйінді идея: Нақты ойлау арқылы ой қорыту;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Жұмыстың түрі
Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Көбелек» ойыны
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алады,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу,
топтағы қарым - қатынасты жақсарту
Оқушыларды қызыл, жасыл, сары түрлі - түсті қағаз қиындыларын тарату арқылы топқа бөлу.
Әр топ өздеріне ат қояды және таныстырады.
Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды.
Топ басшысы сайланады.
Өзін өзі бағалау әдісі бойынша өр тапсырмаға өз тобы және мұғалім формативті баға береді. Сабақтың соңында жиынтық ортақ баға қойылады.
Оқушыларға бағалау парақтары таратылады.
«Ассоциативті қатар»

2 - тапсырма
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдана отырып, «Аналар» деген презентацияны көрсету арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

3 - тапсырма
«Ана деген кім?» деген сұрақты қоя отырып, оқушыларға кластер толтырту.
«Ана деген кім?» - болды.
- Ана - қамқоршы
- Ана – бақытың
- Ана - тірегің
- Ана - қорғаның
- Ана – болашағың
- Ана - әр үйдің күні
- Ана - ақылшы
- Ана - сүйенішің
- Ана - жанашырың
- Ана - байлығың
- Ана – үйдің жылуы
- Ана – бақытың
Толтырған кластерлерін тақтаға апарып іледі.

4 - тапсырма
ЖИГСО стратегиясын қолдана отырып, оқушыларға 3 түрлі мәтін таратылады. Топтағы талантты және дарынды оқушылар немесе топ басшысы топ мүшелеріне мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама