Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы

Сабақтың мақсаты: 1 Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту.
2 Оқушыларға жануарлардың көктемгі және қысқы қуанышы мен қиындығын мысалмен дәлелдеу.
3 Оқушылардың жануарларға жанашырлықтарын
Ояту, табиғатты аялауға баулу.
Әдісі. Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ жауап.
Көрнекілік. Суреттер, слайд, карточка.
Пәнаралық байланыс. Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.

2 Ой қозғау.
- Біз өткен сабақта қандай тақырыпты үйрендік?
- Бунақденелілер жануарлар сүтқоректілер олардың түрлері, мекендеу ортасы.
- Бунақденелілердің түрлерін кім атайды?
- Шыбын, ара,
- Жануарларды ата?
- Қасқыр, түлкі, аю.

К - 1
Үй құстары туралы әңгімеле?
Үй құстары қолда бағылады. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті, мамығы үшін өсіріледі. Мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады.
К - 2
Қандай үй құстарын білесің?
Тауық, қаз, күркетауық, үйрек.
К - 3
Жабайы аңдарды ата?
Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Қасқыр, аю, түлкі, қоян.
К - 4
Үй жануарлары дегеніміз не?
Жануарлар тобының екінші түрі үйде бағылады. Үй жануарларын мал деп те атайды.
К - 5

Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?
Оқулықтан үйге берілген тапсырманы сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту. Бәйге ойыны.
1. Сүтқоректі жануар деп неге атайды?
2. Құстар неше топқа бөлінеді?
Жабайы және үй құстары.
3. Жабайы аңдарды ата?
Түлкі, қасқыр.
4. Үй жануарларын ата?
Жұмбақтар.
5. Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды кісіні. «Түлкі»
6. Адамға серік,
Күзетке берік. «Ит»
3. Қыс және көктем айларын сұрау арқылы, жаңа сабақты бастау.

Оқулықпен жұмыс.
Берілген мәтінді оқу.
Оқушыларды шынжырлап оқыту.

Сергіту сәті.
Дәптер мен жұмыс.
Әдемі жазу да өнер.
Аюдың баласы - қонжық.
Түлкінің баласы - күшік.
Қасқырдың баласы - бөлтірік.
Бұғы мен бұланның баласы - бұзауқан.
Еліктің баласы - лақ.

4. Қорытынды.
1Суреттегі жануарлар туралы әңгімелеу.
Венн диаграммасы.
1. Түлкі өз жануарларын қалай қорғайды?
2Тиін қандай азық қорын жинайды?
3Аю қашан оянады?

Бағалау.
Үйге тапсырма.
Жануарлардың көктемгі тіршілігі.
Оқып, түсінігін айту

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама