Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мен көшедемін
І. Қызығушылықты ояту:
Тәрбиеші балаларды «Шаттық шеңберіне» шақырады.

Тәрбиеші: Балалар енді бір - бірімізге, мына келген қонақтарға таңғы тілектерімізді жолдайықшы
1«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша балаларға «Менің көшем» туралы әңгіме құрастыру. Тәрбиеші тақтаға балалардың құрастырған әңгімелері бойынша суреттерді іліп отырады
2. Жұмбақ жасыру:
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта? Дұрыс таптыңдар. Жұмбақтың шешуі: Бағдаршам
Олай болса, «Бағдаршам» ойынын ойнайықшы. Алдымен ескерту белгілерін қайталап шығайық, өйткені ойын барысын да жол белгілер жиі кездеседі.

І. Қызығушылықты ояту:
Тәрбиеші балаларды «Шаттық шеңберіне» шақырады.
- Балалар енді бір - бірімізге, мына келген қонақтарға таңғы тілектерімізді жолдайықшы
1«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша балаларға «Менің көшем» туралы әңгіме құрастыру.
Тәрбиеші тақтаға балалардың құрастырған әңгімелері бойынша суреттерді іліп отырады.
2. Жұмбақ жасыру:
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта?
Олай болса, «Бағдаршам» ойынын ойнайықшы. Алдымен ескерту белгілерін қайталап шығайық, өйткені ойын барысын да жол белгілер жиі кездеседі
ІІ. Мағынаны тану:
1.«Білемін, үйрендім, үйренгім келеді» стратегиясы
2. Суретпен жұмыс:
Бағдаршамның жол ережесіне қатысты шамын бояту.
3. Бой сергіту жаттығулары:
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқан ба?
4. Жол тәртібін білесің бе?
Тәрбиеші қалада көлік қозғалыс тары көп болса да, бір - біріне кедергі келтірмейтінін, бұл көлік жүргізушілерінің және жаяу жүргіншілердің де жол ережелерін дұрыс сақтауынан екендігін түсіндіреді. Егер де бағдаршам жоқ болған жағдайда жолдың тәртібін реттеп тұратын жол сақшысына бағыну керек екенін, ең бастысы көшені кесіп өтер кезде мұқият болу керектігін және балаларға жолда тек жаяуларға арналған «ақ жолақ» арқылы өту керектігін және транспорттың артына жармасу адам өміріне қауіпті екендігін түсіндіреді.
5. «Бес жолды» өлең құрастыру. «Бағдаршам»
6. Қауіпсіздік мектебінің кеңестерін есіңе сақта. «Рұқсат жоқ!» деген белгіні бояту.

ІІІ. Ой толғаныс: «Кубизм» стратегиясы
Тәрбиеші текшенің алты қырына сұрақтар беріп, балалардан бүгінгі алған білімдері туралы тексеріп қорытынды жасайды.
1. Жаяу жүргінші жолда қандай жол белгісімен жүру керек?
2. Жолаушы қоғамдық көлікпен жүрген кезде, қай жерден түсу керек?
3. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
4. Егер адамдар кездейсоқ ауырып қалғанда, сендер оған қандай көмек көрсетер едіңдер?
5. Жол көлік оқиғаларына кездескен кезде, адамдар қандай көмек көрсетуі керек деп ойлайсыңдар?
6. Бағдаршамның көздері сөніп қалған кезде, жол белгілерін кім реттейді?
Тәрбиеші бүгінгі оқу іс - әрекетке жақсы қатынасқан балаларды мадақтап, естелік ретінде жол белгілерін таратады.

Күтілетін нәтиже:
Жол белгілерін, бағдаршамды біледі.
Жолда жүрген кезде абайлап, жол тәртібін сақтау керектігін
Бағдаршам көздерін ажыратып, ойын кезінде қолдана біледі.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
№9 "Құлыншақ" балабақшасы тәрбиеші:
Аюпова Адина Сапарқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама