Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің Астанам. Ірі құрылыс материалдарымен ұжымдық жұмыс
І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау».
1. Шаттық шеңбері.
Психологиялық сәт. Балалардың көздерін жұмғызып, Астанаға саяхат жасату.
Тәрбиеші түрлі жетілдіруші сұрақтар береді.
- Біз қай Республикада тұрамыз?
- Біздің елбасымыз кім?
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Астана қаласында жүріп сендер қандай көрікті, әдемі ғимараттарды көріп тұрсыңдар? т. б
2. Астана туралы тақпақ оқу.
- Балалар сендерге ұнады ма?
- Астанаға барып көріңдер ме?
- Олай болса, Астана қаласына өз білімін жетілдіруге оқуға балабақшадағы Гүлмаржан, Ғалия, Райхан апайларың барып келді. Сол апайларымыздың бірі - Райхан апайларыңды қонаққа шақырып, Астана қаласы туралы өз ауызынан әңгімесін есітейікші. Балаларды мультимедианы тамашалауға шақырады. Райхан апай естелік әңгімесін айтып береді.

ІІ. Мағынаны тану. «Топтастыру.
1 Астанаға саяхат. Бізде Астана қаласына серуенге барайық деп, тәрбиеші өзі мультимедиа арқылы Астана қаласының көрікті жерлерін таныстырады. «Хан шатыры», «Нұр - Астана мешіті», «Бейбітшілік және Келісім сарайы», «Астана - Бәйтерек», «Қазақ елі» монументтеріне жеке - жеке тоқталып түсініктер береді.
2. Хабарлама: Ірі құрылыс материалдарынан «Менің Астанам» тақырыбында ұжымдық жұмыс жасайтындарын ескертеді.
- Алдымен құрылыс материалдарымен таныстырады.
- Балалар осы әдемі де биік құрылыстарды кімдер салады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, бүгін біздер сол құрылысшы ағаларымыз сияқты түрлі құрылыстарды өзіміз саламыз.
Алдымен құрылысты бастамас бұрын жұмыс киімдерімізді киіп алайық.
3. Бой сергіту жаттығулары.
4.«Суретті таңдап, орныңды тап» дид/ойыны. Тәрбиеші көмек қажет еткен топтарға көмектеседі. Тәрбиеші өзі балалардың жұмыстарын көмектесе жүріп, біздер бүгін не құрастырдық?
5. Құрылыстарды атап, топтастырады.
6. «Бес жолды өлең» стратегиясы.
Не?(Зат есім)-
Қандай?(Сын есім)-
Не істейді? (Етістік) -
Балама сөз (4 сөзден құралған сөйлем) -
Синоним – (сөз) -
ІІІ. Ой толғаныс.
«Менің ойымша» стратегиясы. (тақтаға ілінген суреттерге сұрақ қою арқылы атын тез табу)
Балалар әр түрлі стикерлер арқылы бағдаршам әдісі бойынша бүгінгі оқу іс - әрекеттен алған әсерлерін, бағдаршам бетіндегі түске апарып белгілейді.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарына баға беріп, бүгінгі оқу іс - әрекетті қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже
Балалар құрылыс материалдарынан өздері құрастыра біледі.
Астана - ел ордасы, биікте әдемі қала екенін түсінеді.
Астана туралы өз бетімен әңгімелеп бере алады.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Құлыншақ балабақшасы тәрбиешісі:
Аюпова Адина Сапарқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама