Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Мен өз Отанымның патриотымын!
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Алдыңғы оқу: Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен өз Отанымның патриотымын!».
Әнұран
Мұғалім: Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар. Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды
Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.
Еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев қай жылы сайланды?
Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?
Қашан Қ. Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ. Р. заңына қол қойылды.
Қ. Р. Ата заңы қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?
Ресурстар: ата заң туралы мәліметтер, мақал - мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған плакаттар.

Басы: 1
Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР - ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы
«Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп
Көкдала бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кундакпаева Айнур Бизаковна
Мен өз Отанымның патриотымын! жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама