Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Мен өз Отанымның патриотымын!
Сынып сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын!
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?

Айжарқын: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Айханым: Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Аяулым: Отан - тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз - халқың.
Отан – өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Әли: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

Динара: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!

2. Мұғалім сөзі:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
- Біздің Отанымыз қалай аталады? Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
- Еліміздің астанасы қай қала?
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілін білу - әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Мен өз Отанымның патриотымын! жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама