Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Менің атым Қожа
Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа

17 - 18 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру.
Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
ә\Тәрбиелілігі: Алған білімдерін өмірде іске асыра білуге,
әдеби кітаптарды көбірек оқуға тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: Қоршаған ортаны танып білуге ынталарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Cөздік қорларын, жазу дағдыларын дамыту;
Пән аралық байланыс: дүниетану, сурет.
Әдісі: сұрақ - жауап, «топтастыр» стратегиялары.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: мақалдар, жұмбақ.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқу құралдарын түгендеу.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Мәтіннен түсінігін айту.
2.«Досым саған, рақмет!»жазған эсселерін оқу..
3. Достық туралы нақыл сөздер айту.
Есту зейінін дамытуға арналған жаттығу «Не шырылдап жатыр?»
- Зейін қойып тыңдаңдар да, не шырылдағанын айтыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау.
2. Жұмбақтар шешу.
3. Мәтінмен жұмыс.
а) Б. Соқпақпаевтың өмірбаянымен таныстыру.
ә) Мәтінді оқып беру
б) тізбекпен оқыт
в) сұрақ - тапсырмалар.
- Жазушы суреттеген заман қай заман?
- Менің атым Қожа киносын экраннан көрдіңдер ме?
- Қожа құпия кеңеске қалай дайындалды?
- Адамның өзін - өзі сынауы оңай ма?
- Әңгімедегі Қожаның қылықтарына қарап қандай бала дер едің?
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Ал алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

IV. Сабақты бекіту. Қожа бойындағы жақсы мен жаман қылықтарды тап:
V. Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп айту.
Бағалау.

Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама