Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Менің әуес ісім - фотоға түсіру
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім - фотоға түсіру
Сабақтың мақсаты
Білімділік: тақырыпты түсіндіре отырып, дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды қалыптастыру
Дамытушылық: жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастыра білуге машықтандыру, мәтін, сұрақ – жауап, грамматикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, ой – өрістерін, сөздік қорын дамыту, қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, мәнерлеп оқу

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Кезекші диалогы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрақ – жауап.
2. Жаттығу тесеру

III. Жаңа сабақ:: Менің әуес ісім - фотоға түсіру.
Сөздік:
Тарих шежіресі – летопись истории
Қызығу – интересоваться
Ерекше туынды – особое проиведение
Қас қағым сәт - мгновение
Байқағыштық - наблюдательность
Дамыған елдер - развитые страны
Жағдай - условие
Авторлық құқық - авторское право
Қаламақы - гонорар
Әлеуметтік жағдайлар - социальные условия

Тыңдалым әрекеті. Мәтінді тыңдау.
Оқылым әрекеті.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Сурет - тарих шежіресі. Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады.
Фотоөнер - қас қағым сәттің өмірлік шежіресі. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.
Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Олардың авторлық құқықтары, қаламақы және де басқа әлеуметтік жағдайлары заңның аясында шешілген және заңмен қорғалған. Мысалы, Балтық елдеріндегі 12 азамат фотоөнерден Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.

Сөйлесім әрекеті:
1 - тапсырма.
Мәтін бойынша жұптасып сөйлемдерге біреуі сұрақ құрып, біреуі жауап айтады.
Жазылым әрекеті:
1 - тапсырма. Берілген сөз тіркесте етістіктерді ырықсыз етіске айналдыру
Фотоға түсіру – фотоға түсірілді
Туындылар жасау -
Бір талап ету -
Жағдай жасау -
Заңмен қорғау -

2 - тапсырма. Керекті ырықсыз етістерді қойып жазу.
Бұл мәселе жиналыста.... Төрағаға көптеген сұрақтар.... Оған түсінікті жауаптар.... Жиналыс ойдағыдай.... Балаларға көмек.... Қорытынды....
Керекті сөздер: жасалды, қаралды, өткізілді, көрсетілді, шешілді, берілді, қойылды.

3 - тапсырма. Сөзді тәуелдеңдер.
Менің әуес іс... Біздің_________
Сенің _______ Сендердің______
Сіздің_______ Сіздердің ______
Оның_______ Олардың_______

V. Сабақты қорыту:
Өнердің тағы қандай бір түрімен таныстық?
Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектері туралы не айтуға болады?
- ырықсыз етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
VI. Үйге тапсырма: 147 - б, 2 - тапсырма, ереже қайталау
VIІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама