Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақ сазгерлері
Қазақ тілі 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ сазгерлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ сазгерлері, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы мағлұмат беру, өз ойын жинақтап, әдемі көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру;
2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, ойлау, көру, есту қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: талдау, іздену, ой қозғау, сұрақ - жауап, «топтастыру» стратегиясы, «әлемді шарлау» стратегиясы, «есте сақтау» стратегиясы
Сабақтың формасы: жекелей, топпен, сынып
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, сызбалар

Сабақтың барысы: /кезекші мәліметі/
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықтарын ояту. /ой қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету./
«Әлемді шарлау» стратегиясын қолдану. Мақсаты: айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оқушының ойын ашу. /слайдтарды шымылдықпен жауып біртіндеп ашу/

ІІ. Мағынаны тану. Мақсаты: жаңа ақпаратпен таныстыру./Тақтадан күн мен жаңа тақырыптың атын жаздырту./

Жаңа сөздер:
алып – гигант, великий
озбырлық – эксалуататор, угнетатель
әділетсіздік – несправедливость
қажымас – неустанный
қайрат - сила

1 - тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау.
Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны.
• Үш буынды сөзге мысал. /о - қу - шы/
• Әріптерді орнына қой: балық, алмұрт.

2 - тапсырма. Диолог бойынша сөйлесіңдер.
3 - тапсырма. Сөйлемдердегі кірме сөздердің астын сызып, тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңдар.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
І деңгей тапсырмасы.
1. Буын үндестігі заңына бағынып, үндесіп тұрған сөздерді бір бөлек, буын үндестігі заңына бағынбай тұрған сөздерді бір бөлек жаз.
Бормен, адамдар, өнерпаз, қолмен, мекені, аттың, тұмсығымен, қалаға;
ІІ деңгей тапсырмасы.
2. Мына сөздермен сөйлем құраңдар.
Жеңімпаз, шеберхана, досымен.

ІІІ. Ойтолғау.
1. Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай алатындарыңды үлгі - сызбаға сүйеніп жазыңдар. «Есте сақтау» стратегиясы. 20 сек. ішінде айтылған сөздерді есте сақтап, 1 мин. ішінде қағаз бетіне түсіру керек. Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.
/Әр оқушының қаншалықты сөз жазғандығы саналады/
- гер/- кер/ (Саудагер, кәсіпкер, іскер, мұрагер, саяткер, талапкер, жауынгер, жұмыскер, сазгер, заңгер, ғарышкер)
- паз (Аспаз, қорғампаз, қыдырымпаз, талғампаз, жеңімпаз, өнерпаз, жасампаз)
- хана (Мейманхана, емхана, дәріхана, кітапхана, қымызхана, шеберхана)
- қой (Сәнқой, әзілқой, әдісқой, әуесқой, намысқой)

Үйге тапсырма:
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама