Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Менің оқыту философиям
Менің оқыту философиям
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаз. Ұстаз - ол барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытатын мамандық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Қай маманның иесін алып қарасақта барлығы ұстаздың алдынан білім, тәрбие алған. Сондықтан барлық адам баласы ұстаздардың алдында басын иеді.
Мен жас маман ретінде ұстаздық жолым әлі қалыптасып жатыр деп түсінемін... Педагог қанша жерден білімді болсада, заман талабы бойынша адамдардың көзқарасыда өзгеріп жатыр және соған орай адамдардың талабы қояр сұрағыда өзгеріп жатыр.
Ұстаздың ең басты сыры – баланың жүрегі мен жанын түсіне білу. Бала жүрегі кіршіксіз таза, сол жүректі ұстаз одан әрі жақсылық пен мейірімге, білімге толтыра білу керек. «Дүниедегі ғажайыптардың ішіндегі, ең ғажайыбы - жақсы тәрбиеленген адам» - деп даналарымыз айтқандай, дұрыс адам тәрбиелеу - бүгінгі ұстаздың басты міндеті.
Менің қазіргі ұстаздық жолым №40 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі мұғалімі ретінде өтіп жатыр. Сонымен қатар 10 «Ә» сыныбының жетекшісімін. Өмірдегі ең қиыны, әрі ең қызығы адаммен қарым – қатынас жасау екенін, мектептегі педагогикалық үрдіс барысында білдім. Бала жаны таза тақта болса, сол тақтаға ұстаздың не жазуына байланысты алдында отырған оқушы, ертеңгі үлкен азаматтың тағдыры соған байланысты. Осындай жағдайларды сараптай келе, ұстаздың жауапкершілігі ұлт алдында, ұрпақ алдында орасан зор.
Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз - киелі мамандық. Мен педагог ретінде оқушыларды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт - санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын екені белгілі. Мұғалім өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.
Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі - өнеге аламын. Менің бір түсінгенім әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз, ол – үлкен жүректі ұстаз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама