Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі Тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ана тілі - адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім - дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Балапан»ортаңғы тобының «Тіл - біздің тірегіміз»атты мерекелік тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдердің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білу бірақ, заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Хор: Әнұран.

Балнұр: Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.

Саят: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.

Інжу: Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.

Мұхамедғафур: Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Нұршат: Ардақта өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді, ғылымды.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз».

Жүргізуші: Бүгін бізде қандай мереке өтіп жатыр?- Тіл мерекесі.
- Дұрыс. Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?- Қазақ тілі.
- Жарайсыңдар. Біз өз тілімізде таза, анық сөйлеуіміз керек. Болашақта сендер орыс, ағылшын тілдерінде үйренесіңдер, бірақ өз ана тілдерің қазақ тілдерін ешуақытта ұмытпай, құрметтеп, қадірлеп жүріңдер.

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Қажығалиева Гүлжан

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама