Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Менің педагогикалық мамандығым
Менің педагогикалық мамандығым
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында педагогтардың білімін жетілдіруде оқыту үдерісіне жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдаланудың аса зор қажеттігін баса атап өтті. Осыған орай республикамызда ұстаздардың біліктілігін арттыруда Кембридж бағдарламасы жүзеге асуда.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.

Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін оқып, жаңашыл ұстаз болып отырғаныма қуаныштымын. Мұндағы бала өзі ізденуші, бір - біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Біз оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой - пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырамыз. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренді. Өз - өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін - өзі таныған, ақыл - ойын жан - жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.

Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіргіздім. Курста үйренген әдіс - тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс - тәжірибемде толығынан қолдандым. Осы 7 модульді сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты орын алған өзгерістер ерекше көрінгені анық.
Осы Педагогикадағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс - тәжірибесіне жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу болып табылады.
Үшінші негізгі деңгейдің курсын аяқтағалы бері өзімнің алдымда тұрған жаңа білім берудегі жауапкершілігімнің жоғарлағанын түсіндім.

Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп жұмыстануды қажет ететініне көзім жетті.

Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырамын. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс - әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім – нұсқаушы, оқушы – ізденуші екендігі айқындалды.

Cондықтан сабақтарды осындай әдіс – тәсілдермен өткізу, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып - үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті.

Менің ойымша, қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

Қорытындылай келе аталған жеті модульді сараптай келе, бағдарламаның мақсатын түсіне отырып, бойымдағы үрей, қорқыныш сезімі қызығушылыққа ұласып, білім нәрін сусындатып жатқан жайым бар. Осы алған білімімді пайдалана отырып, әр сабағымды ашық сабаққа айналдырып, өткізіп келемін.
Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар әдіс - тәсілдерді, амалдарды тиімді пайдалана білу біздің үлесімізде деп ойлаймын.
Менің педагогикалық мамандығым. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама