Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Заттардың орналасуы
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттардың орналасуы
Зерттеу сұрағы: Топпен жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілетін дамытуға бола ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2 Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану.
Тірек сөздер: Оң жақ - сол жақ, жоғары - төмен, ортасында, алдында, артында, ішінде - сыртында.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Ресурстар: Постер, АКТ, қима - қағаздар, суреттер, «Бағдаршам»
Әдіс - тәсілдер: АКТ, Диалог оқыту, көшбасшылық, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқуды және оқытуды бағалау.
Пәнаралық байланыс: Өнер, денешынықтыру, геометрия

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
- Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Өткен сабақты пысықтау
Фигураларды анықта.
1 Суретте қандай фигуралар бар?
2 Не себепті суретті фигура деп ойлайсыңдар?
3 Қалай орналасқан?

Дескриптор №1
1 Суреттерден фигураларды табады.
2 Фигура екенін дәлелдейді.
3 Орналасуын айтады.

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
Мағынаны тану.
«Орнын анықта» ойыны
Шарты: оқушыларға суреттер таратылады, сол суреттерге нұсқау бойынша заттарды орналастырады.

1 қоянның алдында тұр.
2 қоянның оң жағында орналасқан.
3 қоянның артында тұр.
4 қоянның сол жағында орналасқан.
Дескриптор №2
1Шелекті алдына орналастырады.
2 Жәшіктегі сәбізді оң жағына орналастырады.
3 Қасқырды артына орналастырады.
4 Бір себет орамжапырақты сол жағына орналастырады.
Заттардың орналасуы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама