Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Механикалық жүйелердегі энергияның сақталу заңы
Механикалық жүйелердегі энергияның сақталу заңы

Серпімділік күшінің жұмысы. Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы. Денелер деформацияға түскенде, өзіміз білетіндей, серпімділік күші пайда болады. Ол күш өзінін абсолют мәні жағынан деформацияға (созылуға) пропорционал, ал бағыты жағынан деформация кезіндегі дене нүктелерінің жылжу бағытына қарама - қарсы бағытталған.
1 - сурет

1 - суретте серіппе деформацияланбаған, табиғи күйінде көрсетілген. Серіппенін оң жақ ұшы бекітілген, ал сол жақ ұшына жүк ілінген. X координаттар осін суретте көрсетілгендей етіп бағыттайық. Егер серіппені, оның сол жақ ұшын х1 аралыққа созып барып, сосын сығатын болсақ (1 - сурет), онда серіппе тарапынан денеге әсер ететін серпімділік күші пайда болады және ол мынаған тең:

модулі, мұндағы k — серіппенің қатаңдығы. Серіппені еркіне қоя берейік. Сонда серіппенің ұшы солға қарай ығысады. Серіппенің орамдары орын ауыстырған кезде серпімділік күші жұмыс атқарады. Сол жұмысты есептеп шығарайық.

Серіппенің сол жақ ұшы А қалпынан В қалпына келді дейік. Бұл жағдайда серіппенің деформациясы енді x1 емес, х2 - ге тең. Серіппе ұшының орын ауыстыруы сол ұштың — х2 координаттарының айырмасына тең. Суреттен күш пен орын ауыстыру бағыты бірдей екенін көреміз. Сондықтан серпімділік күшінің жұмысын есептеп шығару үшін, серпімділік күші мен орын ауыстыру модульдерін көбейту керек. Бірақ серпімділік күші дене қозғалған кезде нүктеден нүктеге өзгеріп отырады. Егер А нүктеде күш модулі kx1 болса, онда В нүктесінде kx2 болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама