Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспарлары
Сабақ атауы Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі (екінші сағаты)
Мәтінмен жұмыс.
Жалпы мақсаты Мәтін мазмұны жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салу;
оқушының танымдылығын, ойлау шеберлігін дамыту;
өмірде қалай пайдаланудың жолдарын ашып көрсету;
ата - ананы қадірлеуге, адал дос бола білуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже 1. «Жусан иісі» әңгімесі бойынша білімдерін толықтырады.
2. Оқушы бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
Әдіс - тәсілдер Жеке жұмыс. Топтық жұмыс Жұптық жұмыс «Крестик - нөлдік». Блум таксономиясы, «Ыстық орындық»

Мұғалім іс - әрекеті
Амандасу:
- Балалар, мен сендермен қайта жүздескеніме өте қуаныштымын.
Олай болса, мына қорапта сіздерге арналған сыйлық бар. Соны ала қойыңдар.
1. «Жасыл» түсті тәттілер
2. «Көк» түсті тәттілер
3. «Қызыл» түсті тәттілер
Топқа бөлу:
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

Миға шабуыл.
- 60 - 90 жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – жазушы Сайын Мұратбековтың қандай шығармасымен таныстық?
Әр топқа крестик – нөлдіктер тәсілімен сандарды таңдау арқылы сұрақтар қоямын. (Х немесе О)
1 - Топ кестеден сан таңдайды.
Сұрақ оқылады. Дұрыс жауап болса сол топ квадратқа крестик қояды.
1 2 3
4 5 6
7 8 9
1 - Топ сұрақтары:
1. С. Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Қай жылы қай оқу орнын бітірді?
3. «Сайын.. өзіне тән ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір білдірген кім?
2 - Топ сұрақтары:
1. Қай салада қызмет етті?
2. Жазушының ең алғашқы шығармалары қай жылы жарияланды?
3. Төменгі сыныпта қандай шығармасымен таныстық?
3 - Топ сұрақтары:
1. Ел арасында кең тараған шығармаларын ата.
2. Повесть дегеніміз не?
3. Жусан қандай шөп?

Әңгіме мазмұны бойынша «Блум кубигі» бойынша кубтың әр жағына «Не үшін?», «Түсіндір», «Атап бер», «Ұсын», «Ойластыр», «Бөліс» атты тапсырмалар жазылған.
Кубикті оқушыларға қарай лақтырамын. Жұпта, топта сол тапсырмаларды орындайды.
Білім - Не үшін? Автор әңгімені не үшін «Жусан иісі» деп атаған?
Түсіндір - «Жусан иісі» әңгімесі арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?
Атап бер - Аян басына түскен қайғы - қасіреттер қандай оқиғалардан көрінеді?
Ұсын - Аян бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар? Өз бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
Ойластыр - Аян мен әңгімеші бала екеуінің достығы туралы айт және қазіргі балалар арасында осындай достық бар ма?
Бөліс - Аянның ертегілері «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталады неге аяқталмай қалады?

Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тарау бойынша оқып, түсініктерін постермен қорғайды.
Топпен жұмыс
Берілген тапсырманы постермен қорғайды.
Басбармақ арқылы бағалау
Әңгімеде қай жылдардағы оқиға суреттеліп отыр?
Тақырыбы - соғыс кезіндегі балалардың өмір шындығы, олардың күнкөрісі, тағдыры.
Идеясы - Жетім бала Аянның ата - анасын сағынуы, оның арманы, үміті арқылы көпшілікке ой салу.
Білімді жинақтау:
«Ыстық орындық»
Әр топтан бір оқушыдан келіп өз ойларын болжайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама