Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, батылдыққа, тәуекелдікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу, диалог
Сабақтың көрнекілігі: маркер, ватман,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
Бағалау парақшаларын таратамын (Өз - өзін бағалау)
Оқушыларды санау арқылы, әділ тәсілмен 3 топқа бөлдім.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Оқушыларға кеспе қағаздары таратылады
Біліммен ой сергіту
1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады (кемінде екі)
2. Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата (жоқ)
3. Ыңғайласқа айналатын салалас түрі (кезектес)
4. Қайталанбайтын жалғаулықтар (және, немесе)
5. Мынау, сонша, сол жалғаулығы қай салаласта (жалғаулық емес, сілтеу есімдігі)
6. Үш жалғаулығы бар салалас (кезектес)
7. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қосылмайтын еді. (шартты бағыныңқы сабақтас)
8. Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың. Салаластың қай түрі? (салалас емес)
9. Антонимдес, тиянақты келетін сөйлемдер, құрмаластың қай түрі? ( салалас)
10. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық түрлерге қалай бөлінеді?
11. Салалас құрмаластың түрлерін ата
12. Сабақтас құрмаластың түрлерін ата.

ІІІ. Грамматикалық тақырыпты топтық жұмыс арқылы түсіну.
І топ. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру
ІІ топ. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру
ІІІ топ. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары мен мысал сөйлемдер.
ІV топ. Ыңғайлас салалас пен мезгіл бағыныңқы сабақтасты түсіндіру.

ІV. Оқулықпен жұмыс
132 - жаттығу. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып, бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолын түсіндіріңдер.
Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болыпты.
133 - жаттығу.
Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.
1. Тыстағы жұмыс біткен кезде,...

V. «Ойлан тап» ойыны:
Көп нүктенің орнына бірде бағыныңқы, бірде басыңқы сөйлем ойлап, мезгіл бағыныңқы сөйлем жасаңдар. Сөйлемдер Елбасының биылғы Жолдауынан алынған.
1. Қазақстан тәуелсіздік алғалы,...
2...., қатты қуанды.
3...., ел тыныштығын ойлайық.
4. Қарағанды көмірін тапқалы,...

VІ. Графикалық диктант. Сабақтас құрмаластан он сөйлем оқылады, түрлерін тауып, белгілеу керек.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама