Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
Қысқа мерзімді жоспар
Информатика
Сыныбы: 6 - 11
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): ▪ Оқушыларды Microsoft Exсel - дегі негізгі ұғымдармен, жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру.
▪ Кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді және түс беруді үйрету,
▪ Диаграмма және гистограмма ұғымдарымен таныстыру.

Сабақтың басы
1. Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл - күйлеріне назар аудару.

Шаттық шеңбері «Мен ғажайыппын»
Мақсаты: оқушылардың бір - біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым - қатынастарын нығайту, жақсы тілек айту арқылы топтық жұмыста жағымды қарым – қатынасты орнату.

Microsoft компаниясын негізін қалаған 2 программисттің есімдерімен оқушыларды 2 топқа бөлу: «Билл Гейтс», «Пол
Аллен»

2. «Сиқырлы жұлдызша» әдісі, үй тапсырмасын жұлдызшалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы шолып өту.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін байқау
1. MS Word бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері, қызметі қандай?
2. MS Word бағдарламасында жаңа құжатты қалай құрамыз?
3. Компьютердің 3 негізгі құрылғыларын ата
4. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата
5. «Microsoft» компаниясының президенті, 13 жасында алғаш программасын құрған.
6. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет механикалық есептеу машинасын құрастырған ғалым кім?
7. MS Word - та бетке номер қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
8. MS Word - та бетке рамка қою үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

Сабақтың ортасы
3. Сөзжұмбақ
2 топқа 2 сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақты дұрыс шешу арқылы бағалау.

Кесте
1. Электрондық есептеуіш құралдың қазіргі атауы (компьютер)
2. Әріптер мен символдардан құралған енгізу құрылғысу (пернетақта)
3. Компьютерді зақымдаушы (вирус)
4. Басып шығарушы құрылғы (принтер)
5. Мәтінді тану құрылғысы (сканер)

Ұяшық
1. Жүйелік блок – компьютердің негізгі....... (құрылғы)
2. Google секілді, интернеттен іздеу желісі (яндекс)
3. Ақпарат тасымалдаушы құрылғы (флешка)
4. Компьютерді басқаруға арналған, нұсқаушы құрылғы (тышқан)
5. Қоршаған ортада болып жатқан оқиғаны сипаттау (ақпарат)

Сөзжұмбақтан шыққан термин сөздердің мағынасын түсіндіру.
Ұяшық – ячейка – cell
Кесте – таблица – table
Ұяшық – жолдар мне бағандардан тұратын, кестенің ең кіші бөлігі.
Кесте – ұяшықтардан құралған, ішіне сан немесе мәтін жазуға арналған кесте

4. Жаңа сабақты түсіндіру
а) MS Excel - ге кіріспе. Тарихи шолу
ә) MS Excel - ді іске қосу жолдары, элементтері
б) MS Excel - дің қызметі, мүмкіндіктері

Microsoft Corporation — компьютерлер, ұялы телефондар және өзге есептеуіш техникаға арналған бағдрламалық қамсыздандыруды, сонымен қатар дербес компьютерлерге арналған аксессуарларды шығаратын ірі компания. Microsoft - тың ең танымал өнімдері — Windows операциялық жүйесі және Microsoft Office атты құжаттар мен презентацияларды редакциялауға арналған бағдарламалар жиынтығы.
Билл Гейтс және Полл Аллен
Microsoft компаниясының тарихы 1975 жылдан бастау алады. Сол жылы қазір дүние жүзі танитын, ал сол кезде қарапайым екі студент Билл Гейтс пен Полл Аллен Altair компьютеріне арнап Basic тіліне түсінік беретін бағдарлама жасап шығарады. Осы жылдан бастап олар Altair өндірушілерімен бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану туралы лицензиялық келісімге келеді. 1975 жылы компанияның жалпы пайдасы 1 миллион долларға жетеді.

7. Сөзжұмбақ
Мақсаты: топқа біріктіру
«Сөз жұмбақ» арқылы жаңа сабақты ашу
1. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа?
(калькулятор)
2. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (пернетақта)
3. «Компьютердің миы» деп нені айтады? (процессор)
4. Компьютердің жанындағы өсімдік? (кактус)
5. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
6. Санау жүйесі? (екілік)
7. Paint қандай редактор? (графиктік)
8. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы?(сканер)

Пән мұғалімі: Қ. П. Бекмуратова
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама