Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Сабақ тақырыбы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Құндылықтарды дарыту: Топтық жұмыс барысында бір - біріне құрметпен қарап, дұрыс әрекет жасап ынтымақтастық қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар: Физика(жылдамдық, масса)
АКТ қолдану дағдылары: флипчарт
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім: Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту және бөлу.

Басталуы (7 мин)
Раппорт орындау
Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. «Тамаша» деген сөздер арқылы бір - бірінің жақсы қасиетін айтқызамын. Соңында тамаша деп бас бармағын барлығы көрсетеді.
Үй тапсырмасын сұрау: « Графикалық диктант»

Бағалау өзін - өзі бағалау.
Жасыл - дұрыс
Қызыл - бұрыс
Кері байланыс «Басбармақ әдісі»

Сабақтың тақырыбын және мақсатын
«Миға шабуыл» әдісі бойынша
1) 75м матаның 2/5 - сінен балаларға көйлек тігілді. Балаларға көйлек неше метр матадан тігіледі?
2) Қант қызылшасының 3/20 бөлігі қантқа айналады. 12т қант алу үшін неше қант қызылшасы керек?

Берілген тапсырмаларды орындау үшін сіздер не білулеріңіз керек болды? Бірінші тапсырмада не табу керек болды? Екінші тапсырмада нені білу керек болды? Оқушылар сабақтың тақырыбын атайды, мақсатын анықтайды.

Жайсан орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Али Бекзатқан
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама